М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
07.11.2014

ММУ Қазақстан филиалы қосымша білім беру орталығының қызметі шеңберінде «Мәтін және оны қазіргі мектепте оқытудың әдістемесі» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің біліктілігін көтеру курсы өткізілді



IMG_0362s.jpg

2014 жылдың қарашаның 4-і мен 8-і аралағында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы қосымша білім беру орталығының қызметі шеңберінде «Мәтін және оны қазіргі мектепте оқытудың әдістемесі» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің біліктілігін көтеру курсы өткізілді. Сөзгер мұғалімдердің біліктілігін көтеру курсы, бір жағынан, Орыстанудың күзгі мектебінің көп жылғы дәстүрін жалғастырса, екінші жағынан, оқтыу үдерісіне қосылатын нақты кеңестері мен материалдары болғандықтан, түпкі нәтижеге жетуге арналды.


Қазіргі жағдайда сөзгер мұғалімдердің жұмысына қойылатын талаптар жоғарылай түсуде. Оқу үдерісін ұйымдастырудан сырт, оған түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарына даярлауға жетекшілік ету жүктеледі. Нақ осы проблемалар 2014 жылы Орыстанудың күзгі мектебінде мұғалімдерге берілген сауалнамаларда көрсетілді.


Филология кафедрасы курстың бағдарламасын әзірлегенде мұғалімдердің барлық тілегін ескерді. Тыңдаушыларға сабақтардың әдістемелік әзірлемелері мен көркем әдебиетті оқытудың жаңа ыңғайларына түсініктемелер ұсынылды.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.