М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
21.02.2023

ММУ Қазақстан филиалындағы академик Ю.Д. Апресяннің дәрісі





2023 жылғы 17 ақпанда филология кафедрасының студенттері мен оқытушылары белгілі ресей тілші-ғалымы, іргелі лингвистикалық теориялардың авторы, Мәскеу семантикалық мектебінің ұйымдастырушысы Юрий Дереникович Апресянмен кездесті. Кездесуге сонымен қатар В.В. Виноградов атындағы Орыс тілі институтының жетекші ғылыми қызметкері Валентина Юрьевна Апресян қатысты.




Филология кафедрасының меңгерушісі Галина Ивановна Власова құттықтау сөз сөйлеп, орыс тіл ғылымы саласында аты аңызға айналған тұлғамен кездесу кафедраның барлық студенттері мен оқытушылары үшін үлкен мәртебе екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Г.И.Власова Мәскеу мемлекеттік университетінің филология факультеті орыс тілі кафедрасының доценті И.В. Галактионоваға осындай кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.




Академик Ю.Д. Апресян заманауи лингвистикалық білім берудің негізін салушылардың бірі болып саналады, оның ғылыми еңбектері көптеген тілдерге аударылған. Қазіргі уақытта Ю.Д.Апресян жетекшілік етуімен Орыс тілінің белсенді сөздігін жасау жұмысы жүріп жатыр. Өзінің ғылыми қызметімен академик Апресян сөздік жасау дегеннің өзі дүниенің семантикалық құрылымын, онымен бірге адам танымының құрылымын түсінудің бірегей тәсілі екенін көрсетті.



Академиктің дәрісі сөйлемдегі тіл бірліктері мағыналарының өзара байланысы мәселесіне арналып құрылды. Нақты тілдік мысалдарға сүйене отырып, Ю.Д.Апресян орыс тілі синтаксисінің ерекшеліктерін, яғни бір-екі компонентті ғана өзгерту арқылы тұтас сөйлемнің мағынасын өзгерту мүмкіндіктерін көрсетті. Дәріс соңында студенттерге лингвистикалық есептер шығару ұсынылды. Көрермендер шешімнің мүмкін нұсқаларын ұсына отырып, үлкен белсенділікпен қатысты. Сондай-ақ сөздікті құрастыру ерекшеліктері, сөз мағыналарын реттеуде туындауы мүмкін қиындықтар, сондай-ақ сөздік мақалаларына концептуалды метафораларды енгізу туралы сұрақтар қойылды.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тамара Григорьевна Котлярова орыс тіл білімінің танымал көшбасшысы Юрий Дерениковичке ММУ Қазақстан филиалының қабырғасында тілдесу бақытын сыйлағаны үшін алғысын білдірді. Т.Г. Котлярова академик Апресянды ММУ ҚФ жаңа ғимаратына келіп тамаша дәрістерін оқуға шақырды.





Академик өз жауабында Қазақстанның мейірімді және қонақжай ел екенін, Астананың да әлемнің басқа астаналарында кездестірмейтіндей, таңғаларлық тату адамдар екенін атап өтті. Қазақстан филиалындағы кездесуден естелік ретінде және алғыс ретінде Ю.Д.Апресянға сыйлық табыс етілді.

Фото: Евгения Воронова  


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.