М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
21.11.2014

М.Ю. Лермонтовты еске алу кеші


309880ea1409e29ba582fd7a0c45882f.jpgСонау 1814 жылы, қазанның үшінде (қазіргі күнтізбе бойынша 15 қазанда) Мәскеуде, Красные воротаға қарсы тұрған үйде болашақ ұлы ақын Михаил Юрьевич Лермонтов дүниеге келді.

Ақынның екі жүзінші туған күнін құрлығымыздың түрлі жерлерінде атап өтеді. Астана да мұнан қалыс қалмайды, Астана да ұлы шайырдың шығармаларын жақсы біледі, жақсы көреді. Өткен жұма күні, 2014 жылдың 21 қарашасында Ғылым мен мен мәдениеттің ресейлік орталығында М.Ю. Лермонтовты еске алу кеші өтті.

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы филология факультетінің бірінші және үшінші курс студенттері данышпан ақын шығармаларының үзінділері мен өмірбаянының айғақтарына негізделген «Тағдыр соққысы мені айналып өтпейді» атты әдеби-музыкалы театрландырылған композиция даярлады. Сонымен қоса, бұл қойылымға Астана қаласы №1 лицейінің оқушылары қатысып, көрермендер талқысына М.Ю.Лермонтовтың «Маскарад» драмасын ұсынды.


[нақтырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.