М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
06.12.2022

Тағылымдама – табысты мансап үшін тамаша қанат қағар орын


2022 жылғы 18 қарашада ММУ Қазақстан филиалының қабырғасында Eurasian Resources Group (ERG) өкілдерінің «Экономика» бағдарламасының студенттерімен кездесуі болып өтті.




Eurasian Resources Group (ERG) табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы жетекші және неғұрлым әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады. Аталған топ төрт континенттегі 15 елде өз өкілдіктерін ашқан және осы саладағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады.


ERG бұл Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешенінің үштен бір бөлігі, сондай-ақ негізгі электр қуатын жеткізушілердің бірі және Орталық Азиядағы ірі теміржол операторы болып табылады.


ERG-ден келген әріптестер компанияның қызметі туралы айтып берді және алдағы уақытта ERG тобының еншілес ұйымдарының бірі, МФСО стандарттары бойынша қаршылық есеп беруді шоғырдандырумен айналысатын ERG Reporting Services-те экономикалық мамандықтар студенттерін ақылы тағылымдамадан өту үшін қабылдау басталатыны туралы хабарлады. Бұл бөлімшеде ERG тобының акционерлері үшін, қаржы директоры және басқа басшылар үшін маңызды қаржылық шешімдер қабылдауға қажетті басқару есептері жасалынады.




«Егер тағылымдама мен тәжірибе бағдарламасы туралы айтатын болсақ, ERG Reporting Services үшін бұл алғашқы тәжірибе емес. Әр уақыт сайын біз жаңа нәрселер қосып отырмаыз, сөйтіп бағдарламамызды жетілдіріп отырамыз. Биыл тұңғыш рет рет тағылымдама ақылы түрде өткізілетін болады. Біз өтініш жіберген университеттердің тізімі кеңейтілді, оның ішінде ММУ Қазақстандағы филиалы да қосылды», — деді HR Ирина Воробьева (ERG Reporting Services бизнес серіктесі). Кездесу барысында Ирина осы жылы үміткерлермен кері байланыс күшейтіліп, компанияның HR-мамандары жас таланттарды іздеуге және дамытуға беталыс жасап отырғанын атап өтті.


Тағылымдамадан өтуге іріктеуге экономикалық мамандықтардың жоғары курс студенттері мен магистранттары шақырылады. Іріктеу кезеңдерінде тестілеу, әңгімелесу өткізіледі. Барлық қатысушыларға іріктеуден сәтті өтуін тілейміз және әлемдегі ең жақсы компаниялардың біріне жұмысқа кіру мүмкіндігін жіберіп алмауға шақырамыз! Әрбіріңізге сәттілік пен табыс тілейміз!


Түйіндемені жіберетін электрондық пошта: Aleksandra.loginova@erg.kz, M.Kussainova@erg.kz .


Мәтін және сурет: Кенжехан Нұрғалиев


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.