М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
07.12.2022

Филиалда студенттік экономикалық пікірталас клубының отырысы өтті


2022 жылдың 1 желтоқсанында ММУ Қазақстан филиалында студенттік экономикалық пікірталас клубының ағымдағы оқу жылындағы екінші отырысы өткізілді. Бұл жолы клубтың отырысы әлеуметтік әділетті мемлекетке көшу мәселесін талқылауға арналды. Пікірталас клубының отырысына «Экономика» бағытының филиалының студенттері қатысты. Экономика кафедрасының оқытушысы Г.Г. Горбач талқылаудың модераторы болды.


Әлеуметтік әділетті мемлекетке көшу мәселесі бүгінде әлеуметтік ғылымдардағы, әсіресе экономика мен саясаттанудағы ең көп пікірталас жүргізіліп жатқан тақырыптардың бірі болып табылады. Әлеуметтік теңсіздік мәселелері, халық табысының үлкен саралануы, ұлттық табысты әділ бөлу және әлеуметтік қорғау мәселелері бүгінгі күнгі күрделі әрі осынау көптүрлі әлемдегі ең өткір тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл ретте заманауи Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.


Пікірталас клубының қатысушыларына «Әлеуметтік әділ мемлекет деп нені түсіну керек?», «Әлеуметтік әділеттілік критерийлері қандай болуы керек?», «Қандай әлеуметтік топтарға әлеуметтік қолдау алуда және әлеуметтік жеңілдік жасауда басымдық берілуі керек және неліктен?» деген сұрақтарды талқылау ұсынылды.


Көрсетілген мәселелер бойынша пікірталас клубына қатысушылар өздерінің дәлелді пікірлерін білдіріп, ой-толғаныстарын айтты. Осы тақырыптас күрделі және қарама-қайшылықтары көп сұрақтарды талқылау кезінде клуб мүшелерінің де пікірлері мен ұстанымдары көбінесе бір-біріне қарама-қайшы түсіп жатты. Бұның өзі талқылау процесінің қызықты өтуіне негіз болды. Студенттік экономикалық пікірталас клубының келесі отырыстары көктемгі семестрде өтеді. Оған барлық бағыттағы студенттерді қатысуға шақырамыз!


Мәтін: Глеб Горбач


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.