М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
16.11.2022

«Экология және табиғатты пайдалану» бағытының студенттері Орыс географиялық қоғамының «Географиялық диктант» атты танымал ағарту науқанына қатысты


Географиялық диктантты Орыс географиялық қоғамы 2015 жылдан бері жыл сайын өткізіп келеді. Оның басты мақсаты – географиялық білімді насихаттау және бүкіл әлем тұрғындарының арасында географияға деген қызығушылықты арттыру. Қазақстан географиялық диктант жазуда дәстүр бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді. М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының студенттері өзінің географиялық білімін сынауға Россотрудничествоның Қазақстан Республикасындағы өкілдігі – Астанадағы «Русский дом» ғимаратына барды.


Олар 45 минут уақыт ішінде күрделілігі жағынан түрлі деңгейдегі есептерді шешті. Геограилық диктантқа қатысушылар үшін жақында Камчаткадан оралған «Жаңа ұрпақ» бағдарламасының қатысушыларымен кездесу ерекше сый болды. Жас ғалымдар Айнаш Аленова, Рысты Халелова, Санжар Қаңтарбаев, Темірлан Беркімбаевтар түбектің ауа райының болжаусыз қатал жағдайында аман қалудың құнды тәжірибелерімен бөлісті. «Камчатка: Солтүстік-батыс от шеңбері» халықаралық экспедициясы «Авачинская» және «Морская» деген екі топқа бөлінді. Ғалымдар Авачинский кордонынан Налычево орталық кордонына дейінгі туристік бағыттағы антропогендік жүктемені бағалады. Сондай-ақ Үлкен Саранды шығанағындағы теңіз пейзаждарының құрамы мен олардың суда еріген көміртекті сіңіру қасиетін талдады.



 




«Географиялық диктант – сіздің жан-жақты біліміңіз бен түйсігіңізді тексеретін тамаша мүмкіндік! Диктантқа қатысу деген мен үшін білімнің жаңа деңгейіне көтерілгенмен бірдей болды. Үйге келген соң, мен диктант жазуда таба алмаған, бірақ сонысымен де қызықтырған жауаптарды іздей бастадым. Биыл бұл шараны Астанадағы «Русский дом» ұйымдастырды. Диктанттың соңында Камчатка өлкесінің зерттеушілерімен кездесу өтті, бұл мен үшін өте тамаша тосын сый болды. Баяндамашылардың әңгімесі жиналғандарды өздерімен бірге зерттеу орындарын аралап жүргендей,, соқпақпен жүріп, өлкенің барлық сұлулығын көріп, тұрғындарымен танысқандай әсер етті. Барлық баяндамашыларға соңынан еріп келе жатқан болашақ жас ғалымдардың білімін кеңейтуге қосқан мағыналы баяндамалары үшін алғыс айтамын. Мұндай кездесуден алған әсеріміз ұзақ жылдар бойы есте сақталатыны анық. Ал кейбіреуге кәсіби жолын табуға да көмектеседі», – деді Г-21 тобының студенті Ксения Ефимович.


Мәтін және фотосуреттер: Экология және табиғатты пайдалану кафедрасы



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.