М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
08.11.2022

Қазақстан Республикасы Өнер академиясына – 15 жыл!


2022 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Өнер академиясының 15 жылдығына арналған «Ұлы дала музыкасы» көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің спикері – қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, академик, Қазақстан Республикасы Өнер академиясының вице-президенті С.Ш. Аязбекова.



Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, елорда әкімі Алтай Көлгінов, Арменияның, Ватиканның Үндістанның, Ирактың, Испанияның, Ресейдің, Хорватияның Төтенше және Өкілетті Елшілері, БАҚ өкілдері, өнер зиялылары, студенттер мен университет оқытушылары қатысты.


Көрмеде елге танымал бейнелеу және сәндік өнер, мүсін, сәулет, қала құрылысы шеберлері жасап шығарған бұйымдары ұсынылды.


Мәдени мұраны сақтау жобалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының аясында профессор С.Ш. Аязбекованың «Ұлы дала өркениеті: философиялық-мәдени талдау (қою мәселесіне)», «Ұлы даланың мәдениеті мен өнері: өркениеттік контекст», «Қорқыт Ата және қазақ музыкасының философиясы: этнос әлемінің суреті», «Ғ Жұбанова музыкасының әлемі: уақыт – мәдениет – ұлт» атты төрт монографиясының таныстырылымы болып өтті.


Мәліметтер мен суреттерді ҚР Ұлттық музейі ұсынған


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.