М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
22.10.2022

Филиал директоры, Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры А.В. Сидорович «Парасат» орденімен марапатталды


Республика күні мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін азаматтардың үлкен тобы мемлекеттік наградалармен марапатталғаны белгілі. Олардың қатарында өндіріс саласының, іскери саланың, білім беру саласының, денсаулық сақтау саласының, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.




«Парасат» орденімен белгілі ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің, өнеркәсіп саласының өкілдерінің, олардың қатарында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры Александр Владимирович Сидоровичтің де еңбегі атап өтілді.


Дереккөз: www.akorda.kz




«Парасат» ордені


1993 жылы тағайындалған. «Парасат» орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Республикамыздың рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға және арттыруға үлкен жеке үлес қосқан немесе адам құқықтары мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметі үшін азаматтар марапатталады.


Дереккөз: egov.kz



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.