М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
10.10.2022

Филиал директоры профессор А.В. Сидорович «Интеграция» Еуразиялық іскери форумның жұмысына қатысты


«Интеграция» Еуразиялық іскери форумы 2019 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді және өнеркәсіптік-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылауға, сондай-ақ ЕАЭО және достас елдер кәсіпкерлерінің өзара іс-қимылын дамытуға арналған халықаралық пікірталас алаңы болып табылады.



Фото: eec.eaeunion.org


Биыл Форум 7 қазанда Мәскеудегі «Президент-отельде» болып өтті. Пленарлық мәжілісте қазіргі экономикалық жағдайда серпінді жобалар мен іскери-идеяларды іздеу мәселесіне баса назар аударылып, ашық іскери диалог форматында өтті. Форумға Еуразиялық экономикалық интеграция, жаңашаландыру, бәсекеге қабілеттілік және тұрақты дамудың кешенді мәселелері бойынша Ресей ғылым академиясының Ғылыми кеңесі, «Коопорация Альфа» кәсіпкерлерінің экономикалық белсенділігін ілгерілету бойынша AКҰ ұйымдастырушысы болды.


Пленарлық отырыста сөз сөйлегендер:


Мясникович Михаил Владимирович, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы; Глазьев Сергей Юрьевич, Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр), РҒА академигі; Шохин Александр Николаевич, Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының (РСПП) президенті; Ивин Владимир Владимирович, Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметі басшысының орынбасары; Мамытқанов Мақсат Сүйінәліұлы, Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр); Еуразия халықтары Ассамблеясының бас хатшысы Бельянинов Андрей Юрьевич және т.б.


Форумның пленарлық отырысының жұмысына филиал директоры, профессор А.В. Сидорович қатысты.


А.В. Сидорович и С.Ю. Глазьев

А.В. Сидорович С.Ю. Глазьевпен, Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)


Дереккөз: Евразиялық экономикалық комиссияның сайты


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.