М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
03.10.2022

Студенттік кеңестің жаңа құрамы белсенді жұмысқа дайын!


М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында Студенттік кеңестің жаңа құрамы өз жұмысын бастады.


29 қыркүйекте Филиал директоры Мәскеу университетінің құрметті профессоры Александр Владимирович Сидорович пен студенттік қоғамдастықтың белсенділерінің кездесуі болып өтті. Кездесуге, сонымен қатар, директордың ғылыми-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Ж. Әбділдина және тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі Л.А. Задорожная қатысты.




Кездесудің негізгі мақсаты – студент белсенділері мен университет басшылығы арасында пікір алмасу, ММУ Қазақстан филиалы Студенттік кеңесінің қызметін талқылау.


Жиын басында Филиал директоры Студенттер кеңесінің жаңартылған құрамына университетіміздің дамуына үлес қосуға дайын екендіктері үшін алғысын білдірді. Александр Владимирович Филиалдың мемлекеттік ұйымдармен және қазақстандық жоғары оқу орындарымен байланысын нығайту, мектеп оқушылары – әлеуетті талапкерлермен белсенді жұмыс жасау – мұның барлығы Филиалдың беделін арттырып, біз үшін жаңа жолдар мен дамудың даңғыл жолын ашатын Филиалдың Студенттік кеңес жұмысының басым бағыттары деп атады. Қазақстан Республикасының азаматы мен Мәскеу университетінің студентінің жоғары дәрежесіне сәйкес келетін Филиал студенттерінің жалпы мәдениет деңгейінің артуы өте маңызды, деп атап өтті директор. Филиал басшылығының Студенттік кеңеспен ынтымақтаса отырып іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ студенттердің білім алуына және күнделікті өміріне қатысты барлық мәселелерді шешуге көмектесуге дайындығы туралы студенттер белсенділерін толғантқан ой-пікірлері де айтылды.




Одан әрі Студенттік кеңестің жаңа мүшелері Филиалдың студенттік белсенділерінің оқу жылындағы жұмысы туралы ойларымен және көзқарастарымен бөлісті. Алғашқы болып сөз алған Студенттік кеңестің төрағасы, 1 курс магистранты Дарья Фогель ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жалпы ережелеріне тоқталып, Студенттік кеңестің негізгі міндеттеріне тоқталып, оның жетекшілік ету тәртібімен таныстырды. Төраға атап көрсеткен негізгі мақсаттар – Студенттік кеңес жұмысының ашықтығы және барлық курс студенттерімен тығыз қарым-қатынас жасау. Биылғы жылы Астана университеттерімен ынтымақтасу және Филиал мен елордалық студенттік қоғамдастығы арасында берік байланыс орнату маңызды міндет деп атап көрсетті. Студенттік кеңестің биылғы жылға арналған тағы бір міндеті – Филиалда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс жасап келе жатқан «Тәңірі» әдеби клубымен белсенді жұмыс жасап, оның жұмысына 1 курс студенттерін тарту.


Одан кейін Студенттік кеңес секторларының жұмысына жауаптылар өз бағыттары бойынша жоспарлары мен ұсыныстарын ортаға салды.


Оқу жұмысының секторы – Хангелдин Аңсар, «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 2 курс студенті. Аңсар білім беру саласының тиімділігін арттыру үшін жоғары курс студенттерінің төменгі курс студенттеріне қамқорлық жасау жүйесін енгізуді ұсынды: оқуға көмектесу, үй тапсырмасын орындау және ең қиын курстарды меңгеру. Ансар болашақ IT мамандарына өз кәсібіне терең бойлауға көмектесетін бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер клубының осы жылы сәтті іске қосылуы сияқты бастамалары туралы айтты;


ғылыми жұмыс секторы – Кулжанов Аян, «Экономика» бағытының 2 курс студенті. Аян ғылыми сектор қызметінің бірнеше бағыттарына тоқталды: мектеп оқушыларымен ынтымақтастық, Филиалға талапкерлерді тартуға көмектесетін олимпиадалар мен ғылыми конференциялар ұйымдастыру, сондай-ақ Мәскеу мемлекеттік университетінің басқа шетелдік филиалдарымен бірлескен іс-шаралар. Аян өз сөзінде университеттің «Филиада» газетін жаңғыртудың маңыздылығы туралы мәселе көтеріп, оны Филиалдың студенттік қоғамдастығын біріктірудің белсенді құралына айналдыруды ұсынды;


мәдени жұмыс секторы – Егор Дуцинин, «Филология» бағытының 2 курс студенті. Егор мәдениет саласының жұмысы, өткен жылдардағыдай, Филиал студенттерінің мәдени-білім деңгейін көтеруге, сондай-ақ мәдени іс-шараларға бірлесіп бару, концерттер ұйымдастыру, қалалық және республикалық студенттердің шығармашылық байқауларына қатысу сияқты студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға бағытталатынын атап өтті;


спорттық жұмыс секторы – «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 2 курс студенті Саликов Әмір. Спорт саласы, Әмір айтқандай, курстар мен дайындық бағыттары арасында спорттық жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге, Филиал студенттерінің спорттық рухын дамытуға және оқытушылармен бірге белсенді дене шынықтыруға бетұрыс жасауды жоспарлап отыр. Әртүрлі спорт түрлерінен жыл сайын жарыстар өткізу дәстүрін қайта жаңғырту сектор үшін тағы бір басымдық болып табылады;


қоғаммен байланыс секторы – Нұрғалиев Кенжехан, «Экономика» бағытының 4 курс студенті. Кенжехан өз сөзінде қоғаммен байланыс секторы, дәстүрлі түрде, бірнеше бағытта жұмыс істейтінін айтты. Студенттер Филиалдың әлеуметтік желілерін жүргізуімен қатар, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы Филиалдың беделін жақсартуға күш салуда. Ол үшін Филиал мен Астананың қоғамдық ұйымдары арасындағы байланысты жақсарту керектігі айтылды. Сектор мүшелерінің негізгі ұсынысы – Филиалдың әлеуметтік желілердегі аккаунттарын дамыту, студенттерді де, әлеуетті талапкерлерді де қызықтыратын контент құру;


тұрғын үй секторы – Борисова Мила, «Филология» бағытының 2 курс студенті. Мила жақын арада ММУ Студенттер үйінде тұратын студенттер арасында «ең жақсы бөлме» конкурсын өткізу жоспарланып отырғанын, бұл жатақханадағы өмір сүру сапасын жақсарту үшін шешуді қажет ететін мәселелерді анықтауға көмектесетінін айтты. Сектор меңгерушісі Студенттер үйі қызметінің жұмыс кестесін оңтайландыру мәселелерін көтерді.




Сектор жетекшілерінің Студенттік кеңес жұмысының әрбір бағыты бойынша жоспарлары мен ұсыныстарын таныстыру барысында Филиал басшылығы өз ұсыныстары мен тілектерін ортаға салды. Университет әкімшілігі мен студент белсенділерінің бірлескен іс-шараларының бағыттары белгіленді, өнімді өзара бірлескен жұмыстар жасауға қатысты мәселелер талқыланды.


Айтылған пікірлер мен ұсыныстар негізінде Студенттік кеңестің 2022-2023 оқу жылына арналған нақты жұмыс жоспары әзірленетін болады. Студенттік кеңес қызметінің негізгі бағыттары: жаңа оқу жылындағы іс-шараларды ұйымдастыру Филиал студенттері мен магистранттарының білім алу сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, мәдени деңгейін көтеру, дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерді жақсартуға байланысты, студенттердің бос уақытын дұрыс ұйымдастыруы мен өз бетімен жұмысы үшін жағдай жасау, ММУ Студенттер үйінде тұру ережелерінің сақталуын бақылау болып белгіленді.



Мәтін және фото: ММУ Қазақстан филиалы оқу қызметінің секторы


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.