М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
15.09.2022

Оқу – ең күрделі және ең қарапайым!


2022 жылғы 12 қыркүйекте М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында бірінші курс студенттеріне Студенттік билеттерді тапсыру рәсімі болып өтті.


IMG_8615s.jpg


Студенттік билет пен төсбелгіні алу – бірінші курс студентінің Мәскеу университетінде және оның Қазақстан филиалында оқитынын анықтайтын алғашқы жарқын қадамы.


IMG_8370s.jpg


Бірінші курс студенттерін ММУ Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры А. В. Сидорович құттықтап, өз сөзінде былай деп атап өтті:


IMG_8605s.jpg


IMG_8497s.jpg


«Біздің ең жақсы шәкірттеріміз, бірінші курс студенттері! Бүгін сіздер «студент» деген құрметті мәртебеге ие болдыңыздар. Алда керемет мүмкіндіктерің болады! Оқу – ең күрделі және ең қарапайым! Сіздер Мәскеу университетінің студенттері болуды үйренесіз, бұл білімді адам болу дегенді білдіреді. Мәскеу университетіне оқуға түсулеріңізбен құттықтаймын!»


IMG_8769s.jpg


IMG_8795s.jpg


Директор, сонымен қатар, ММУ Қазақстан филиалының бірінші курс магистранттарын Мәскеу университеті магистранттарының қатарына қосылуымен құттықтады. А.В.Сидорович оларға алға қойған барлық мақсаттарына жетіп, үлкен табыстарға ие болуын тіледі. Директор магистранттардың жарқын ақыл-ойы оқуын алғаш бастаған Қазақстан филиалының жаңа ғимаратын ғылым мен білімнің нұрымен нұрландыра алатынына сенім білдірді.


Бірінші курстықтардың барлығына Мәскеу университетінің студенті атағын абыроймен алып жүрулеріне тілектеспіз! Білім алуға ақ жол!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.