М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
19.04.2022

Жылдам реакция немесе үстел теннисі


2022 жылғы 11 сәуірде М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері арасында үстел теннисі турнирі болып өтті. Турнирге барлық оқу бағыттарының студенттері қатысты. Спорт жарысы ММУ ҚФ Студенттер үйінде ұйымдастырылды.




Бәсекелестік рух пен спорттық атмосфера турнирге қатысушыларды да, сонымен бірге көрермендерді де ерекше қуанышқа бөледі. Үстел теннисі ептілік пен төзімділікті дамытатыны белгілі. Әрине, сонымен бірге теннис ойыншының зейінін, шешім қабылдау мен реакция жылдамдығын арттырады. Ал ондай қасиеттер студенттермізгеге тек спорт ойыны кезінде ғана емес, өмірлік жағдайларда да пайдалы болатынына дау жоқ.


Теннис турнирі өте қызықты өтті! Жарыс барысында әрбір қатысушының дайындық деңгейі танылды, нәтижесінде үздіктердің үздігі алға шықты!




Осы турнирде Ерсайын Ахметсәлім (Э-11), Әмір Саликов (ВМК-11) және Ернұр Мұқашев (Э-21) оза шығып, жеңімпаз атанды.




Турнирге қатысқан қыздар арасында бірінші орын Регина Кулешке (Г-21), екінші орын Аружан Ысқақоваға (ВМК-11), үшінші орын Томирис Өтеуоваға (Ф-11) берілді. Жеңімпаздар Құрмет грамотасымен және медальдармен марапатталды.        




Осындай қызықты турнирді ұйымдастырғаны үшін студенттік ұжым атынан ММУ ҚФ дене шынықтыру пәні мұғалімдері И.И. Лиховецке, Е.И. Клюкинаға, Д.С. Ташкеевке және О.А. Волковке алғысымызды білдіреміз. Спорттық іс-шаралар салауатты бәсекелестік дағдыларын дамытуға және Филиал студенттерінің ұйымшылдығын қалыптастыруға үлкен қызмет ететіні анық!


Турнирде озған жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

 


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.