М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
19.04.2022

Қол күресінен турнир


ҚФ ММУ студенттері өздерінің жоғары академиялық қабілеттерімен ғана емес, сонымен бірге жақсы спорттық дайындығымен, күшімен және ептілігімен де біздің мақтанышымыз болып саналады. 2022 жылғы 11 сәуірде өткізлген қол күресінің жарысы студенттердің карантин кезінде өз күштерін жоғалтпағанын көрсетті деуге болады.


Дүйсенбі күні тек таза күш қатысатын армрестлинг турнирі ұйымдастырылды.


Қолдың кез келген ептілігі мен алдамшылығы ӘГП кафедрасының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінен құралған Волков О.А. басқарған қазылар алқасының назарынан тыс қалмады. Армрестлинг турниріне 23 студент қатысты. Олардың арасынан 3 студент озық шықты. Жарыс барысы өте қызықты өтті, тіпті көрермендер мен қазылар алқасының да маңдайынан шып-шып тер шыққанын көру ғанибет еді! Бақылаушылар өздерінің фавориттерін ерекше, қызу қолдады, бұл қызу қолдауды көрсе, есебінде жүздеген турнирлер бар Джон Брзенктің өзі қызығар еді.


Үшінші орынды Бобкин Артем басқа қатысушылардың қолынан жұлып алды десе болады.


Екінші орынды көрермен көзайымы атанған Жұмаханов Есімхан иеленді.


Конспект жазып, қолын жаттықтырды ма, болмаса, дене шынықтыру жаттығулары арқылы ма, білмейміз, бірақ Әлішер Абдукаимов армрестлинг турнирінің жеңімпазы атанды деп қуанышпен айта аламыз. Сонымен нәтиже келесідей:




1 орын – Абдукаимов Әлішер (Э-12),

 

2 орын – Жұмажанов Есімхан (ММ-21),

 

3 орын – Бобкин Артем (Г-11).


Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Ал қалған қатысушыларды біздің спорттық турнирлерімізге қатысуға шақырамыз! Өйткені әр студент жеңімпаздар тізімінде болуы мүмкін, олай болмаған күннің өзінде, кем дегенде өзіңізді сынап көре аласыз.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.