М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
14.04.2022

А.В. Сидорович ҚР Білім және ғылым министрі А.К. Аймағамбетовпен кездесті



2022 жылғы 13 сәуірде Филиал директоры, профессор Александр Владимирович Сидорович Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовпен кездесті. Кездесу барысында Филиалды дамыту, Филиалды көшіру үшін жаңа ғимаратты дайындау, студенттер мен магистранттардың ғылыми шығармашылығы мәселелері талқыланды. А.В. Сидорович Министрге Филиалда өтікізілетін «Ломоносов-2022» студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы туралы хабарлады.


Фото: ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайты


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.