М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
11.04.2022

Шекспир апталығы


2022 жылғы 28 наурыз бен 1 сәуір аралығында ММУ Қазақстан филиалында әйгілі ағылшын ақыны және драматург, әлем әдебиетінің классигі У.Шекспирдің өмірі мен шығармашылығына арналған дәстүрлі «Шекспир апталығы» болып өтті.


29 наурыз күні филология кафедрасының доценті А.А. Аймолдина «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 1 курс студенттерімен What do you know about Shakespeare?» – «Шекспир туралы не білесің?» атты онлайн викторина ұйымдастырды. Викторинаға қатысу үшін «Kahoo»t электронды платформасында тіркелу қажет болды. Қатысушылар модераторлардың В. Шекспирдің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы сұрақтарына жауап беріп, зейінділік пен белсенділік танытты. Нәтижесінде 3 жеңімпаз анықталды:

 

1 орын – А. Мұхамедиев (ЭМ-11); 2 орын – А. Бежнар (ВМК-11); 3 орын – А. Иксанов (Ф-21).

30 наурызда филология кафедрасының доценті А.Р. Сулькарнаева «Филология» бағыты бойынша 1 курс магистранттары, басқа да студенттер мен оқытушылар «At Shakespeare’s» онлайн-әдеби залына шақырды. Әдеби зал дәстүрлі түрде сонеттер, әндер, рөл бойынша оқу деген үш номинация бойынша байқау түрінде өтті. Байқау бөлімі басталмас бұрын жүргізушілер Шекспир шығармашылығы шығу тегінің түрлі нұсқаларына, сондай-ақ оның тұлғасының шынайылығына арналған бейнероликті ұсынды. Содан кейін қатысушылар шығармашылық байқауда өздерінің таланттары мен ағылшын тілін тамаша меңгергенін көрсете алды. Байқаудың қазылары алқасының құрамына ММУ ҚФ филология кафедрасының ағылшын тілі оқытушылары кірді.


«Сонеттер» номинациясында қатысушылар У. Шекспирдің атақты сонеттерін жатқа айтты. 1-орын берілді – "O! That You Were Your Self, But, Love, You Are" №13 сонеті үшін Д. Вишневскийге (Ф-11) берілді. 2-орын қазылар алқасының шешімімен №98 "From you have I been absent in the spring" сонеті үшін А. Ерекешке (ВМК-11). 3-орын "Devouring Time, blunt thou the lion's paws", "Devouring Time, blunt thou the lion's paws" №19 сонеті үшін А. Иксановқа (Ф-21) берілді.


«Әндер» номинациясы бойынша студенттер ағылшын тіліндегі танымал әндерді орындады. Бұл номинацияда 1-орын Шекспир апталығының ең белсенді қатысушысы А. Иксановқа берілді (Ф-21). (Ф-11, Ф-21), исполнившему под гитарный аккомпанемент сонет №8 "Music to hear, why hear’st thou music sadly?". 2-орын «Music to hear, why hear’st thou music sadly?» №8 сонетін гитараның сүйемелдеуімен орындаған Э. Дуцинин мен Е. Постнованың дуэтіне берілді (Ф-11, Ф-21).


«Рөлдер бойынша оқу» номинациясы бойынша студенттер У.Шекспирдің белгілі пьесаларынан монологтар мен үзінді оқуда өз актерлік қабілеттерін көрсетті. 1-орын 2 курс филологтары А. Кузнецова, К. Нұрбаева, Д. Морозов, Н. Дуспекова және Е. Постноваға лайық деп танылды. Олар У. Шекспирдің «Тит Андроник» деп аталатын ертерек жазылған трагедиясынан алынған үзіндіні тамаша оқып, қазылар алқасы мен көрермендерін өздеріне тәнті етті.

 

2-орын «Он екінші түн» пьесасынан Виоланың "I left no ring with her" монологын оқығаны үшін Л. Аукатоваға (Ф-21) берілді.

 

3-орынды қазылар алқасы «Леди Макбет» пьесасынан үзінді оқыған ВМК-21 тобының студенттері О. Снисаренко, А. Мырзағали, Қ. Қаракулев және «Отелло» трагедиясынан үзінді оқыған Д. Вишневский (Ф-11) арасында бөлісті.

 

 

Біз студенттер бен магистранттарға «Шекспир апталығына» қатысқандары үшін алғыс айтамыз және олардың әрқайсысы өмірлік пайдалы тәжірибе жинап, жаңа білім меңгерді деп сенеміз!




© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.