М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
29.03.2022

Наурыз мейрамы – бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі


Наурыз мейрамы – Қазақстандағы жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың салтанат құруының символын білдіретін көктемгі негізгі мерекелердің бірі.




2022 жылдың 18 наурызында ММУ Қазақстан филиалының қазақ тілі оқытушыларының жетекшілігімен студенттер дайындаған дәстүрлі мерекелік концерт өтті.




Қазақстан филиалының директоры, ММУ-дің құрметті профессоры А.В.Сидорович студенттерді, оқытушылар мен қызметкерлерді мейраммен құттықтады. Александр Владимирович өз сөзінде қазіргі Қазақстан үшін Наурыз мейрамын тойлаудың өзектілігін атап өтті, өйткені Наурыз біздің республикамызда тұратын халықтар арасындағы бірлік пен достық мерекесі болып саналады. Директор қатысушыларға зор денсаулық, бейбіт аспан, мейірімділік пен амандық тіледі.




Мереке «жаршылары» («Экономика» бағытының 1-курс студенттері А.Әбілов, А.Камалов, А.Есей, Н.Айтжанов) концерттің басталғанын жариялап, көрермендерді бірден мерекелік көңіл-күйге бөледі.

 

 




Концертте Наурыздың мифтік рухы – «Қыдыр ата» бата беріп, жақсы тілектерін айтты. Бұл рөлді «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 1 курс студенті Ж.Шаку өте жақсы орындады. Одан кейін сахнаға әсем Көктем шықты («Экономика» бағытының 1-курс студенті Д.Темірбаева). Ол барлығын Наурыз мерекесімен құттықтап, қызғалдақ гүлдерін таратты.





Концертте «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 2 курс студенттері көрермендерге дәстүрлі «Тұсау кесу» дәстүрін көрсетті. Ал «Филология» бағытының 2 курс студенттері «Күн мен түннің» әңгімесінен көрініс дайындады.




«Экономика» бағытының 1 курс студенті А.Сүлейменов «Көңіл ашар» күйін орындап, көрермендерін сүйсіндірді.




«Филология» бағытының 2 курс студенті Ж.Жакупова мен «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 1 курс студенті А.Саликов керемет әдемі «Көктем вальсын» орындады. «Экономика» бағытының 1 курс студенттері халық арасында кеңінен танымал «Аспанға қараймын» әнін орында, залды бір сілкіндіріп тастады.




Концерт қонағы республикалық байқаулардың лауреаты Нұрболат Сейтмұратов «Анашым» және «Сәулем» шығармаларын орындады.




Концерт традиционно завершился песней «Наурызнама» в исполнении студентки 1 курса направления «Математика» А. Бисембай, которую поддержал аплодисментами весь зал.




Благодарим наших студентов за то, что подарили нам настоящий весенний праздник!


Фотогалерея


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.