М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
28.02.2022

Филиалға Ресей ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы келді


 



старженецкий

2022 жылғы 25 ақпанда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Владислав Старженецкий болды.



ММУ Қазақстан филиалының директоры, ММУ құрметті профессоры Сидорович А.В. қонақты Филиал қызметімен таныстырды, оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, оның жұмыс істеу жағдайлары туралы, сонымен қатар студенттер мен түлектердің жетістіктері жөнінде айтып берді. Кездесу барысында ММУ Қазақстан филиалының одан әрі даму перспективалары туралы мәселелер талқыланды.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.