М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
17.02.2022

Ғылыми конференция «ХХІ ғасырдағы орыс тілі: жастар зерттеулері»




2022 жылғы 10-11 ақпан күндері ММУ Қазақстан филиалының филология факультетінің студенттері «Орыс тілі 21 ғасырда: жастар зерттеулері» атты IX Халықаралық ғылыми студенттік онлайн-конференцияға қатысты, оны Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы ұйымдастырды.

 

Соңғы жылдар бойында Л.Н. Толстой атындағы Тула мемлекеттік педагогикалық университеті және Сургут мемлекеттік педагогикалық университеті конференцияның қосалқы ұйымдастырушылары болып келеді. Конференция жұмысының нәтижелері бойынша дәстүрлі түрде қатысушылардың баяндамалары жинақ болып шығарылады.




Конференцияға тек ЖОО, колледж студенттері ғана емес, жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің 10-11 сынып оқушылары да шақырылады. Осы жылғы конференцияға қатысушылардың географиясы айтарлықтай кең болды, олар Қазақстанның, Ресейдің және Молдованың жетекші жоғары оқу орындарынан келген жастар өз баяндамаларын ұсынды. Кқнференцияның онлайн форматта өтуі Нұр-Сұлтан, Шымкент, Көкшетау, Сарқанд, Тула, Сургут, Калининград, Дондағы-Ростов, Омбы, Қазан, Смоленск, Липецк, Комрат қалаларындағы жас филологтердің бас біріктіруіне мүмкіндік берді. Баяндамашылар арасында тіл білімі мамандары басым болды. Өйткені төрт секцияның үшеуі лингвистикалық еді. Олар «Қазіргі орыс тілі және лингводидактика негіздері», «Мәдениеттер диалогы және диалог мәдениеті», «Орыс тілі және БАҚ» деп аталды. «Көркем шығармалар тілін зерттеу ерекшеліктері» атты төртінші бөлімде жас әдебиеттанушылар бас қосты.


Конференцияға Қазақстан филиалы атынан «Филология» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттері қатысып, келесі тақырыпта өз баяндамаларын ұсынды:


         «Интернет-коммуникациядағы металингвистикалық айтылымдар: бағалаушылық әлеует» (Л. Ауқатова);


         «Заманауи медиадискурстың феминитивтерін тарихи ретроспективада қарастыру» (А. Кузнецова);


         «А.П. Чеховтың соңғы бір әңгімесіндегі архетиптік конструкциялар» (Ж. Маратова);


         «Б. Акуниннің Николас Фандорині – екінші тілдік тұлға ретінде» (Е. Постнова).





Конференция қорытындысы бойынша Альвина Кузнецова 1-орынға ие болды, ал Екатерина Постнова мен Жанна Маратова 3-орынды өзара бөлісті.


Студенттерімізді жүлделі орындарымен құттықтаймыз және ғылымда табыс тілейміз!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.