М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
13.01.2022

Филиалымыздың профессоры 2021 жылдың «Үздік ғылыми қызметкері» сыйлығының иегері атанды


Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының математика және информатика кафедрасының профессоры Е.Д. Нұрсұлтанов 2021 жылдың «Үздік ғылыми қызметкері» сыйлығының иегері атанды.




Бұл сыйлық алғаш рет 2021 жылы тағайындалған болатын. Ол ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерді қолдауға және ынталандыруға бағытталған. Марапат беруге арналған байқаудың қорытындысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сайтында орналастырылған еді. 7 ғылыми бағыт бойынша байқауға бүкіл Қазақстаннан 575 ғалымнан өтінім келіп түскен. ҚР Білім және ғылым министрлігінің сараптау комиссиясының шешімімен жүлделер Қазақстанның 6 ғылыми-зерттеу институты мен 16 жоғары оқу орнында қызмет ететін 50 ғалымға берілді. Байқау жеңімпаздары сертификат пен марапатқа ие болады. Байқау нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты мына сілтемеден ала аласыз. -

https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/308760?lang=kk.


Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының ұжымы Ерлан Дәуітбекұлы Нұрсұлтановты марапатымен құттықтай отырып, мол шығармашылық табыс тілейді!



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.