М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
29.12.2021

Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович Мәскеу университетінде оқу курсында жүрген филиалдың академиялық топтарының старосталарымен кездесті


2021 жылғы 28 желтоқсанда Мәскеуде, ММУ Бас ғимаратыныда Мәскеу университетінің география факультетінде М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович Мәскеу университетінде оқу курсында жүрген филиалдың академиялық топтарының старосталарымен кездесті.


Кездесу ММУ география факультеті деканының Қазақстан филиалы бойынша орынбасары, география ғылымдарының докторы, профессор В.Р.Битюкованың көмегімен ұйымдастырылды.




Кездесу барысында Александр Владимирович студент белсенділерін Филиалда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған маңызды мерейтойлық іс-шаралардың қалай өткендігімен таныстырды. Директор кездесуге қатысушыларға Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К Тоқаевтың ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған құттықтаулары туралы айтып берді. Сонымен қатар, Филиал ұжымының атына келіп түскен көптеген құттықтаулар туралы, ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған Салатанатты мәжіліске келіп, құттықтауларын білдірген құрметті қонақтар жөнінде айтып берді.




Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың Филиалымызға жаңа ғимарат беру туралы шешімін студенттер зор қуанышпен және зор ынтамен қабылдады.

 

Қазіргі уақытта Мәскеуде білім алып жүрген көптеген студенттеріміз еліміздің және Филиалдың мерейтойларына арналған байқауларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. 28 желтоқсанда Мәскеуде өткен кездесуде Александр Владимирович үздік студенттік ғылыми-зерттеу жұмыс бойынша өткізілген байқау жеңімпаздарына және жүлдегерлеріне дипломдар табыстады.


Филиал директорымен Жаңа жыл қарсаңындағы кездесу көтеріңкі және мерекелік көңіл-күйде өтті. Студенттер Александр Владимировичтің қолынан марапаттар алып, өз отбасымен жылулық байланысты сезінінп, қуанышқа кенелді.


Кездесу соңында Филиалдың директоры, ММУ-дің құрметті профессоры А.В.Сидорович кездесуге қатысқандарды алдағы Жаңа 2022 жылмен құттықтап, барлығына бақыт, жаңа табыстар мен үлкен шығармашылық жетістіктер тіледі.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.