М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
14.12.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы


Еліміздің ең маңызды ұлттық мерекесі болып саналатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ММУ Қазақстан филиалында Әлеуметтік және гуманитарлық пәндер апталығы аясында барлық бағыт студенттеріне арналған іс-шаралар кешені болып өтті.


 


2021 жылғы 6-11 желтоқсан аралығында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Ж.А. Ермекбай, А.И. Оразбаева, Ж.С. Мажитова «Филология», «Экономика», «Математика», «Қолданбалы математика және информатика», «Экология және табиғатты пайдалану» бағыттарының 1 және 2 курс студенттеріне «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» тақырыбында дәрістер сериясын ұйымдастырды.


6 желтоқсан күні «Қолданбалы математика» және «Информатика» және «Филология» бағытының 1 - 2 курс студенттері «Елбасының өмірбаяны – Ел Тәуелсіздігінің ғұмырнамасы» тақырыбында эссе жазды. Эссе бойынша студенттер Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы үлесі туралы жазды. Студенттер Қ. Сембина, А. Саликов, А. Хангелдин, Е. Нұрмұхамбетов өз эсселерінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұмыс жасау қабілетін атап өтіп, қазақстандықтар оны қазіргі қазақстандық мемлекеттігіміздің негізін қалаушы және нағыз Ұлт Көшбасшысы деп санайды деген қорытындыға келді.


«Филология» мамандығының 2 курс студенті Д. Морозов эссесінің соңында былай деп жазады: «...Егер Нұрсұлтан Әбішұлының тәжірибесі мен даналығы, сондай-ақ қажырлы еңбегі болмаса, біз бүгінгі күні мақтан ететін Қазақстан игіліктер биігіне қол жеткізе алмас едік. Біздің Елбасымыз – бірегей саяси қайраткер, соның арқасында Қазақстан гүлденген және қалыптасқан мемлекет болды». Профессор Ж.А. Ермекбай «Филология» мамандығының басқа да 2 курс студенттерінің шығармаларының мазмұны бай екенін атап өтті.




9 желтоқсан күні профессор А.И. Оразбаева «Экономика» және «Экология және табиғатты пайдалану» бағыттарының 1-2 курстарының оқу топтарында «Қазақстан Тәуелсіздігінің шежіресі» тақырыбында интерактивті семинарлар өткізді. Сабақ барысында студенттер өздері дайындаған презентацияларын көрсетті, Елбасы тағдырының маңызды сәттері, «Қазақстандық даму моделінің» негізгі кезеңдері, Қазақстанның «Тәуелсіздік дәуірінің» 30 жылдық кезеңіндегі экономика, саясат, дипломатия, білім, мәдениет салаларындағы жетістіктері туралы, елорданы көшіру туралы шешім туралы баяндайтын тарихи шежіре үзінділері бар аудио және бейнематериалдарды тыңдап, тамашалады.




Kahoot платформасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тарихы бойынша өткізілген «Хакатон» – викторинасы студенттердің ерекше белсенділігін туғызды. Сондай-ақ командалық ойындар барысында, команда капитандарының зияткерлік сайыстары ерекше болды. Студенттер А. Әбілов, А. Қошқарбаева, Д. Қамбарова, Д. Темірбаева, С. Савкин ұсынған 1992 жылғы Түркия, Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстан мемлекет басшыларының кездесуін бейнелеген тарихи қойылым/сценка студенттердің ерекше ықыластарына ие болды.


  



9 желтоқсанда дене шынықтыру пәні оқытушылары И.И. Лиховец, Е.И. Клюкина, Д.С. Ташкеев, О.О. Волков ММУ Қазақстан филиалының студенттері арасында «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы спорттық жетістіктері» тақырыбында презентациялар байқауын өткізді. Дауыс беру нәтижесінде келесідей жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды:




1 орын – А.Кузнецоваға (Ф-21) «VII қысқы Азия ойындарының қорытындысы» презентациясын қорғағаны үшін берілді;


2 орын – Н.Дуспековаға (Ф-21) «Жеңіл атлетикадағы қазақстандық спортшылардың жетістіктері» тақырыбындағы баяндамасы үшін берілді;


3 орын – В.Стихиляске (Э-22) «Владимир Смирновтың Лиллехаммердегі (Норвегия) қысқы Олимпиада ойындарындағы триумфы» презентациясы үшін берілді.


 


10 желтоқсанда Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер апталығының соңында профессор Ж.С. Мажитова «Экономика» бағытының 1 курс студенттерімен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» тақырыбында викторина өткізді. Үш кезеңнен тұратын ойын барысында студенттер республиканың әлеуметтік-экономикалық тарихы бойынша сұрақтарға жауап беріп, логикалық есептер шығарды және мерейтойға арналған пікірталас ұйымдастырып өткізді.


Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының ұжымы мен студенттерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтайды және барлығыңызға жақсылықтар, өсіп-өркендеуді және жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілейді!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.