М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
14.12.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Мәскеу университетінің Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған «Қазіргі Қазақстан: тарихы, дамуы, жетістіктері» тақырыбындағы үздік студенттік шығармашылық жұмыс байқауының қорытындысы


 

2021 жылғы 15 наурыз бен 15 мамыр аралығында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Мәскеу университетінің Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған «Қазіргі Қазақстан: тарихы, дамуы, жетістіктері» тақырыбындағы үздік студенттік шығармашылық жұмыстардың байқауы болып өтті.


Құрамына М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының жетекші оқытушылары кірген байқау комиссиясы жеңімпаздарды анықтады.



>>> Байқау туралы бұйрықты ашу


Байқау қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:


1-дәрежелі диплом – «Тәуелсіз Қазақстан жолы: өткені, бүгіні, болашағы» жұмысы үшін «Филология» мамандығы бойынша 2-курс магистранты Кусанова Зарина Амангелдіқызына берілді;


ІІ дәрежелі диплом – «Қазіргі Қазақстан: түрлі халықтарды бауырына тарту тарихы» жұмысы үшін «Филология» бағытының 2 курс студенті Морозов Данил Сергеевичке берілді;


ІІІ дәрежелі диплом – «Қоғамдық сананы жаңғырту Қазақстан жастарының көзімен» жұмысы үшін «Филология» бағытының 2 курс магистранты Сыздықова Аида Аманқызына берілді;


ІІІ дәрежелі диплом – «Туған халқыма алғыс» жұмысы үшін «Филология» бағытының 2 курс студенті Жакупова Жания Айдаровнаға берілді;


ІІІ дәрежелі диплом – «Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі – мен оқитын Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы!» жұмысы үшін «Филология» бағытының 2 курс студенті Маратова Жанна Қуатқызына берілді;
ІІІ дәрежелі диплом – «Отаныма арналған ән» жұмысы үшін «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 2 курс студенті Кулеш Регинаға берілді.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға жаңа жеңістер, шығармашылық табыстар мен ғылыми жетістіктер тілейміз!



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.