М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
30.11.2021

ММУ Қазақстан филиалында Тұңғыш Президент күні


2021 жылғы 25-29 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ММУ Қазақстан филиалында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен барлық мамандық бойынша студенттер қатысқан іс-шаралар өткізілді.




25 қарашада тарих ғылымдарының докторы, профессор А.И. Оразбаева «Қазақстан тарихы» пәні аясында «Экономика» бағытының 1 курс студенттерімен «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі» тақырыбында сабақ өткізді». Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Дамудың қазақстандық моделін» қалыптастыру жолындағы ұлттың жасампаздық әлеуетін шоғырландыруға бағытталған сан қырлы қызметі туралы профессор қызықты баяндамалар жасады. Тұңғыш Президенттің өмірінен деректер, тарихи хроника пайдаланылды, Н.Ә.Назарбаевтың мағыналы сөздеріне талдау жасалып, Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан үзінділер және бірқатар бейнематериалдар көрсетілді.




26 қарашада тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.С. Мажитова «Филология» және «Экономика» мамандықтары бойынша 1 курс студенттеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы дәріс оқыды оның соңы стціденттердің арасындағы қызықты пікірталаспен жалғасты.

 



29 қараша күні тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Ермекбай «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 1 курс студенттеріне сабақ өткізді. Студенттер профессордың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың экономиканы дамытуға, жас мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын нығайтуға бағытталған реформаларының тарихи маңызын талқылады.

        

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Елбасының қызметін түсінуге арналған іс-шаралардың жастар үшін өте маңызды екеніне сенімді, өйткені Тұңғыш Президенттің тәжірибесі жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерін дамытуға итермелейді.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.