М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
25.11.2021

Михаил Васильевич Ломоносов. Туғанына 310 жыл толуына орай


 

2021 жылғы 19 қарашада ММУ Қазақстан филиалында ұлы орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың туғанына 310 жыл толуына арналған «Ақын, ғалым және философ, халықтан шыққан ақсүйек» атты Ломоносов ертеңгілігі болып өтті.




2021 жылғы 19 қарашада ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасы «Филология» және «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Қазақстан филиалының кітапханасы М.В.Ломоносов шығармалары мен ол туралы ғылыми еңбектерден тұратын көрме дайындады. Кездесу алдында студенттер ғалымның өмірінен сыр шертетін бейнероликті тамашалады.




Кездесуді кіріспе сөзбен филология кафедрасының меңгерушісі Г.И. Власова ашып, М.В.Ломоносов орыс поэзиясына оған ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы ақындардың өлеңдері арналған әдеби адресат ретінде енгенін атап өтті. Ол Ф.И.Тютчевтің 1865 жылы М.В.Ломоносовқа арналған мерейтойлық өлеңінен үзінді келтірді.




Филология кафедрасының доценті Г.П. Байғарина «Ломоносов туралы сөз» атты баяндамасында М.В.Ломоносовтың орыс әдеби тілі мен орыс әдебиетін дамытудағы баға жетпес рөлін атап өтті. Кездесудің жалғасында көрсетілген «Ломоносов туралы қызықты деректер: өмірбаяны мен ашқан жаңалықтары» атты бейнеролик барлық қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.





«Филология» бағытының 1 курс студенттері М.В.Ломоносов өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Д. Вишневский «Г» әрпінің күмәнді айтылуы туралы» өлеңін оқыды, А. Жұманова «Аспан түн қараңғылығымен көмкерілді...» өлеңін оқыды, Д. Костишина «Мектеп оқушысы» атты Н.А.Некрасовтың М.В.Ломоносовтың жастық шағын сипаттайтын өлеңін оқып берді. «Қолданбалы математика және информатика» факультетінің студенттері Д. Досай мен Д. Ревенко Ломоносовтың еңбегін оның көрнекті замандастары мен ұрпақтары қалай бағалағаны туралы баяндамалар дайындап, А.С. Пушкиннің: «Оның өзі біздің бірінші университетіміз болды» деген сөзін ерекше атап өтті.

 


Кездесу соңында студенттер М.В.Ломоносовтың өмірі мен шығармашылығы туралы қандай жаңа және қызықты нәрселерді білді деген рефлексиялық сұраққа жауап берді. Толыққанды және мазмұнды жауап берген студенттер ММУ-дің фирмалық папкаларымен марапатталды.




© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.