М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
19.11.2021

Филология кафедрасының оқытушылары Халықаралық мұғалімдер съезіне қатысты




2021 жылғы 11-13 қараша күндері М.В.Ломоносов атындағы ММУ университетінің Қазақстан филиалының оқытушылары Мәскеу университетінде Орыс тілі қоғамының ІІІ съезі аясында өткен орыс тілі мұғалімдері мен оқытушыларының Халықаралық конгресіне қатысты.


2021 жылы індетке байланысты туындаған үзілістен кейін, съезд 59 елден 2500-ден астам қатысушыны жинады. Өзінің міндетін орыс гуманитарлық білім беруінің озық дәстүрлерін дамыту деп атаған съездің ашылуы символикалық түрде «орыс жанын зерттеуші» Ф.М.Достоевскийдің туғанына 200 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Сонымен бірге М.В.Ломоносовтың туғанына 310 жыл қарсаңында өткізіліп отыр (19 қараша). Съезд бағдарламасында пленарлық және секциялық отырыстар, Әдеби салон, Пушкин қонақ залы, конкурстардың қорытындысын шығару, педагогикалық шеберханалар, пікірталастар, виртуалды экскурсиялар және т.б. енгізілді. Съезд сайтында онлайн-трансляция жүргізілді: http://philol.teacher.msu.ru.




Халықаралық съезге қатысушылар алдында Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, академик В.А. Садовничий құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Мәскеу мемлекеттік университетіндегі тіл мұғалімдерінің дәстүрлі съезіне жүз жылдан асқанын атап өтті. Бірінші съезд 1916–17 жылдар тоғысында өтті, ал 2012 жылы съезд қайта жалғасын тапты. Бұл – үлкен жолдардағы маңызды белестер. «ММУ – мектепке» жобасы – Мәскеу университетінің үлкен білім беру жобасының жалпы атауы, оның аясында көптеген іс-шаралар мен байқаулар өткізіледі, ол жұмыстардың қорытындысы съезде қорытындыланып отырады.

 

ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары, басқа да түрлі елдердегі әріптестері сияқты, съезд мәжілістерінде сөз сөйлеп, орыс тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері мен оларды оқыту әдістемесі туралы ойларын ортаға салды, оқыту ісіндегі проблемаларды шешу жолдарын, оқушылар мен студенттерге тілді оқыту тәжірибесімен бөлісті.

 




«Орыс тілі мен әдебиетін көпмәдениетті ортада оқыту» секциясында профессор Г.И. Власова Қазақстандағы қазіргі орыс әдебиеті туралы баяндама жасады. Доценттер Г.П. Байғарина мен С.М. Треблер «Журналистика тілі және әлеуметтік медиа лингвоэкология тұрғысынан» атты дөңгелек үстелге қатысып, орыс тілінің заманауи медиа кеңістігіндегі қызметі туралы баяндады.

 

Филология кафедрасының оқытушысы А.М. Чепкова «Көпмәдениетті білім берудің өзекті мәселелері» бөлімінде көптілді ортадағы сөйлеу мәдениеті туралы баяндама жасады. Филология кафедрасының аға оқытушысы Е.В. Мельникова «Цифрлық білім берудің педагогикасы мен психологиясы» секциясында орыс тілі сабақтарында «ыстық» және «суық» қарым-қатынас құралдарын қолдану туралы» баяндама жасады.

 

Барлық баяндамалар оқытушылар аудиториясының үлкен қызығушылығын тудырды.

 


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.