М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
03.11.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Мәскеу университетінің Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған студенттер мен магистранттардың үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының қорытындысы


2021 жылғы 15 наурыз бен 15 қыркүйегі аралығында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Мәскеу университетінің Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған студенттер мен магистранттардың үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы болып өтті.


Құрамына Мәскеу университетінің және ММУ Қазақстан филиалының жетекші оқытушылары кірген конкурстық комиссия Байқау жеңімпаздарын анықтады.


Филиал директорының 2021 жылғы 15 қазандағы №128-С бұйрығына сәйкес Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. 1-дәрежелі дипломдармен марапатталған студенттер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.



>>> Бұйрықпен танысу



Байқау қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:


«Қолданбалы математика және информатика»: номинациясы бойынша:


І дәрежелі диплом – 2-курс магистранты Басаров Сержан Жандосұлына «М. Рисстің гиперболалық крестен болған спектрлі тригонометриялық полиномдарға арналған интерполяциялық теоремасы» жұмысы үшін берілді; ғылыми кеңесшісі – ММУ Қазақстан филиалының математика және информатика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Е.Д. Нұрсұлтанов.


«Математика»: номинациясы бойынша:


диплом I степени – студент 3-го курсаІ дәрежелі диплом – 3-курс студенті Айқын Әлішерге «Коксетер тікбұрышты тобындағы көпбұрыштың коммутанты туралы» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Ю. Ероховец;


ІІ дәрежелі диплом – 3-курс студенті Ақпан Дінмұхаммедке «Тәуелді tr(R) және det(R) инварианттары бар Нийенхейс операторларының сипаттамасы» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.А. Ошемков;


«Экология және табиғатты пайдалану»: номинациясы бойынша:


І дәрежелі диплом – 3-курс студенті Ақынжанов Төлеген Бауыржанұлына «Нұр-Сұлтан қаласындағы үй маңын абаттандыруға қаланың аумақтық құрылымының әсері» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – география ғылымдарының докторы, профессор В.Р. Битюкова;


ІІ дәрежелі диплом – 3 курс студенті Мухамеджанова Адель Наилевнаға «Қазақстанның карс ты табиғатты пайдаланудың шарты мен ресурсы ретінде» жұмысы үшін берілді; ғылыми кеңесшісі – география ғылымдарының кандидаты, доцент Ю.Р. Беляев;


ІІІ дәрежелі диплом – 3 курс студенті Жолдыгазинова Зарема Жанатовнаға «Ақмола облысы топырағының химиялық ластануға осалдығын бағалау» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының кандидаты, доцент П.П. Кречетов.


«Филология»: номинациясы бойынша («Лингвистика» секциясында):


І дәрежелі диплом – 3 курс студенті Бадаева Анастасия Сергеевнаға «Көркем мәтінді фоносемантикалық талдау» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – Филиалдың филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.М. Треблер;



ІІ дәрежелі диплом – 2 курс студенті Нурмуханбетов Темирланға «Медиа дискурсындағы неологиялық контаминанттар: прагматикалық әлеует» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – Филиалдың филология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Г.П. Байғарина;


ІІІ дәрежелі диплом – 2 курс магистранты Зимодра Юлия Жанатовнаға «Қазақ тілінде оқытатын мектептердің 5-9-сыныптарында орыс тілінде жазу дағдысын дамыту» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – шетел студенттеріне арналған орыс тілі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Е.Ю. Николенко.

«Филология»: номинациясы бойынша («Әдебиеттану» секциясында):


І дәрежелі диплом – 3-курс студенті Панева Дарья Владимировнаға «Андрей Рубановтың «Финист – жарқын сұңқар» романының фольклорлық-мифологиялық контексі» жұмысы үшін берілді; ғылыми кеңесшісі – филология ғылымдарының докторы, профессор, филология кафедрасының меңгерушісі Г.И. Власова;


II дәрежелі диплом – 3 курс студенті Байбуза Александр Сергеевичке «Б.Л. Пастернактың «Доктор Живаго» романының жанрлық-тектік синтезі» жұмысы үшін берілді; ғылыми кеңесшісі – филология ғылымдарының докторы, филология кафедрасының профессоры Т.В. Кривощапова;


ІІІ дәрежелі диплом – 4-курс студенті Иванов Игорь Эдуардовичке «Ерте ескі діндер кезеңі книжниктері жазбаларындағы претериттік формалардың функциялары» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының докторы, профессор А.М. Ранчин.


«Экономика»: номинациясы бойынша:


І дәрежелі диплом – 3 курс студенті Карбузова Азиза Ардаққызына «Қазақстанның квазимемлекеттік секторы және оны бағалау әдістемесі» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – э.ғ.д., профессор А.В. Сидорович;


ІІ дәрежелі диплом – 4 курс студенті Мұхтарұлы Асхатқа «Шикізаттық егемендік қорларды экономикалық саясаттың құралдары ретінде пайдаланудың заманауи үрдістері» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – э.ғ.д., профессор А.В. Сидорович;


ІІ дәрежелі диплом – 1 курс магистранты Мухамедиева Алима Саятовнаға «Қазақстан Республикасындағы салалық инвестициялық жобалардың тиімділігі (фармацевтикалық өнеркәсіп саласы үлгісінде)» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – экономика ғылымдарының докторы, профессор И.М. Теняков;


ІІІ дәрежелі диплом – 4 курс студенті Арынгазина Аида Асхатқызына «Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту динамикасы, құрылымы және ерекшеліктері» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., доцент А.К. Ляменков;


ІІІ дәрежелі диплом – 4 курс студенті Халиева Айсулу Рустамқызына «Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының халқын халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіу» жұмысы үшін берілді; ғылыми жетекшісі – э.ғ.д., профессор Е.В. Егоров.


«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатына макроэкономикалық тұрақсыздықтың әсерін зерттеуге қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша арнайы диплом – 2 курс магистранты Абилкасимова Айдана Азаматовнаға жұмысы үшін берілді»; ғылыми жетекшісі – э.ғ.к., доцент Н.А. Миклашевская.



Біз студенттер мен магистранттарды құттықтаймыз және оларға үлкен ғылыми жетістіктер тілейміз!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.