М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
27.10.2021

Филиал есігін айқара ашады!


2021 жылғы 24 қазанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында онлайн форматта Ашық есік күні өтті. Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау, Қарағанды және Ақмола облыстарынан ондаған талапкерлер университетіміздің қонағы болды.


А.В. Сидорович


Ағымдағы оқу жылындағы бірінші Ашық есік күні қазан айының ашық ауа райлы күніне тұспа-тұс келді. Жексенбілік атмосфера талапкерлердің, олардың ата-аналары мен оқытушыларының ММУ Қазақстан филиалымен жақын танысуына ықпал етті. Келген қонақтарды Филиал директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры А.В. Сидорович қарсы алды..


Профессор А.В. Сидорович Қазақстан филиалында білім алудың артықшылықтары, бакалавриат пен магистратураны дайындау бағыттары, қабылдау науқаны, дайындық бағдарламалары мен қабылдау емтихандары, Филиалдағы, жатақханадағы оқу тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Директор Филиалдағы қашықтықтан оқытудың жоғары сапалы ұйымдастырылғанын, студенттер мен оқытушылар құрамының әлемдік ешбір университетте кездеспейтін бірегей қатынасын ерекше атап өтті. ММУ Қазақстан филиалы өз міндетін жауапкершілікпен орындайды – бәсекеге қабілетті, іскер мамандарды дайындайды. Филиал түлектерінің алдында үлкен мүмкіндіктер ашылады – олар Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде табысты еңбек етуде. Қазақстан филиалының түлектері бизнесте, қоғамдық, ғылыми және білім беру салаларында үлкен сұранысқа ие. Филиал оқушыларды отансүйгіштікке, ата-ананы, салт-дәстүрді, тарихты құрметтеуге тәрбиелеуді алдына мақсат етіп қойды. Мәскеу мемлекеттік университетіне оқуға түсу – бұл жетістікке жету үшін берілген мүмкіндік, одан қалғанының барлығы адамның өзінің мақсатқа жету жолындағы еңбекқорлығы мен табандылығына байланысты болады.

 




Кездесудің жалғасында Мәскеу университетінің оқытушылары бакалавриаттың Математика», «Қолданбалы математика және информатика», «Филология», «Экология және табиғатты пайдалану», « Экономика» бес бағытының әрқайсысы бойынша білім беру ерекшеліктеріне тоқталды; магистратураның «Талдаудың математикалық және компьютерлік әдістері», «Математикалық модельдеу», «Шетел тіліндегі аудиториядағы орыс тілі», «Медиалингвистика», «Қоршаған ортаны басқару», «Қаржылық аналитика», «Халық шаруашылығы», «Өңірлік даму экономикасы» бағыттарында білім беру ерекшеліктеріне тоқталды.

«Математика» бағыты туралы физика-математика ғылымдарының кандидаты, Мәскеу мемлекеттік университетінің доценті М.П.Заплетин айтып берді; «Қолданбалы математика және информатика» бағыты туралы – физика-математика ғылымдарының докторы, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры С.В.Богомолов баяндап берді; «Филология» бағыты туралы – филология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу мемлекеттік университетінің доценті О.А. Волошина әңгімеледі; «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты туралы – Мәскеу мемлекеттік университетінің география факультеті деканының орынбасары, ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, профессор Битюкова В.Р. айтып берді «Экономика» бағыты бойынша – ММУ Қазақстан филиалы директорының орынбасары, э.ғ.к., Мәскеу мемлекеттік университетінің доценті В.А.Зубенко баяндады..


Кездесу барысында қатысушылар «Директорға сұрақтар» аккаунтындағы конференциялық чатта сұрақтар қойды. Ашық есік күнінің соңында А.В.Сидорович болашақ талапкерлерді толғандыратын барлық сұрақтарға жауап берді.




Осыдан соң әрбір оқу бағыты бойынша келген қонақтардың Қазақстан филиалының және Мәскеу университетінің оқытушыларымен кездесулері ұйымдастырылды. Ашық есік күнінің соңы талапкерлермен жұмыс бөлімінің өкілдерімен кездесу болды, онда барлық қатысушылар қабылдауға дайындық туралы толық ақпарат алды. Қазақстан филиалының оқытушылары Е.С. Воронова мен А.Б. Мұқанов өткен жылғы қабылдау емтиханында орыс тілі мен математика пәнінен берілген тапсырмаларға түсініктеме берді. Филиал оқытушылары кәсіптік бағдар беру кездесулері аясында өткізген шеберлік сабақтары емтихан тапсырмаларын танытады және мектеп оқушыларының оларға нәтижелі дайындалуына мүмкіндік береді.




Қонақтарды шығарып салу кезінде Филиал талапкерлермен қоштаспады, өйткені оларды Мәскеу университетінің тату отбасының мүшесі болған жаңа кездесуде күтіп алады.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.