М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
14.10.2021

XVIII Күзгі русистика мектебі



2021 жылғы 7-9 қазан күндері Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы мен Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығы бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласындағы Орыс үйінің қолдауымен, Филиалдың 20 жылдығына арналған «Қазақстанда орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы XVIII Күзгі русистика мектебін ұйымдастырып өткізді.


Мектепке Қазақстанның 12 қаласынан, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Талдықорған, Қызылорда, Түркістан, Тараз, Ақтөбе, Атырау қалаларынан 300-ге жуық мұғалімдер мен оқытушылар қатысты.


Открытие Школы


7 қазан күні Күзгі русистика мектебі салтанатты түрде ашылды. Құттықтау сөзімен Мәскеу университетінің еңбек сіңірген профессоры ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ҚазПРЯЛ президенті ф.ғ.д. Э.Д. Сүлейменова және Нұр-Сұлтан қаласындағы «Русский дом» директорының орынбасары К.П. Воробьев сөз сөйледі.


А.В. Сидорович Күзгі русистика мектебінің барлық қатысушыларын құттықтай келе: «Филологтар, тіл мұғалімдері – ерлік жасаушылар, олар балық адамның өмірінде ерекше орын алады. Дәл осы адамдар басқаларды өз үлгісімен, шеберлігімен, пәнді білуімен өмірге жетелеуі керек. Тағдыр мұндай миссияны көп адамға ұсына бермесі анық. Осымен 18 рет русистика мұғалімдері мен әдебиеттанушы мамандары жиналып отыр. Әр кездесуде олар бас қосып, оқытудың түрлі мәселелерін, терең кәсіби мәселелерді талқылауға мүмкіндік алады. Бұл 18 деген дата біздің университетіміздің құрылған жылына жақын, біздің Филиалымызға биыл 20 жыл. Осы 20 жыл бойы біз Мәскеу университетінің сенімін ақтап, жоғары деңгейдегі мамандарды дайындап келеміз және бұл қызметімізді мақтан тұтамыз. Бізге адамдардың орыс тілі мен орыс мәдениетін үйрену үшін келетінін мақтан тұтамыз».


Өзінің сөзін түйіндей келе, А.В. Сидорович Күзгі русистика мектебіне қатысушыларға МАПРЯЛ вице-президенті, М.В.Ломоносов атындағы ММУ проректоры Т.В. Кортаваның үндеуін оқып берді.



Э. Д. Сулейменова


Э.Д. Сүлейменова ұйымдастырушылар мен қатысушыларды XVIII Күзгі русистика мектебінің басталуымен құттықтап, осы жылғы басқосу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығы аясында өткізіліп жатқанын атап өтті.




К.П. Воробьев өзінің құттықтау сөзінде Күзгі русистика мектебін өткізудің маңыздылығына тоқталып, ұстаздарды жақында өткен Мұғалімдер күнімен құттықтап, бұл мамандықтың айрықша екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы орыс тілінің мәртебесіне тоқталып, осы жылғы Күзгі русистика мектебінің тақырыптары - ұлы классиктер Ф.М. Достоевский мен Н.А. Некрасовтың шығармашылығы екендігіне тоқталып өтті.


«Русский дом» директорының орынбасары К.П. Воробьев пен мәдени-ағарту бағдарламаларының жетекшісі О.А. Скальчук В.Ремизовтың «Толстой және Достоевский. Ар-ождан бойынша бауырлар» кітабын және Ф.М.Достоевскийдің портретін сыйға тарту етті.


Выступление Т.Г. Котляровой


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Т.Г. Котлярова «Күзгі русистика мектебі Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының ғылыми-әдістемелік жұмысының тәжірибесі ретінде» атты баяндама жасап, Күзгі русистика мектебінің тарихы мен жетістіктеріне тоқталды.


Берегиня


Салтанатты бөлім Н.А. Иванованың жетекшілігімен «Берегиня» фольклорлық ансамблінің өнер көрсетуімен аяқталды. Ансамбль мүшелері, «Филология» бағытының 1 курс студенттері, Күзгі русистика мектебінің қатысушыларына арнап тамаша орындалған халық әндерін шырқады.


Күзгі русистика мектебінде Мәскеу университетінің филология факультетінің жетекші дәріскерлері баяндама оқыды. Олар қазақ тілінде сөйлейтіндердің орысша айту ерекшеліктері туралы, орыс тілі сабағында қосымша оқуға материал ретінде «Жас филологтың энциклопедиялық сөздігі» туралы, орыс әдебиеті классиктері Ф.М. Достоевский, Л.Н. Толстой және Н.А. Некрасовтың шығармаларын оқыту туралы айтты және көркем мәтінді талдау жолдарын көрсетті.


Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының филология кафедрасының оқытушылары Күзгі русистика мектебінің тұрақты өкілдері мен ұйымдастырушылары болып табылады. Олар Қазақстандағы қазіргі орыс әдебиеті, Ф.М. Достоевскийдің шығармалары туралы әңгімеледі, сөзжасамның әлі де шешілмеген көптеген мәселелерін қарастырды, көркем шығармадағы кейіпкердің тілдік портретін талдауға түсірді. Сол үлгілерге сүйене отырып, біздің заманымыздың лингвистикалық портретін жасау жолдарын қарастырды. Филология кафедрасының жас мамандары да осы семинарға белсене қатысып, дәрістер оқып, семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізді.


Учителя школ


Күзгі русистика мектебінің қорытынды іс-шаралары ретінде «Орыс классикалық әдебиеті сабағында: оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері» атты панельдік пікірталас өткізілді және «Цветаева алауы» атты музыкалық-поэтикалық композициясы қойылды.


Қорытынды сөзбен Г.И.Власова сөз сөйлеп, Күзгі русистика мектебінің барлық қатысушыларына, атап айтқанда, спикерлерге – тамаша сөздері үшін, ал тыңдаушыларға – белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.


Күзгі русистика мектебінің соңында қатысушылар өз тараптарынан осы іс-шараны ұйымдастырушыларға өздерінің жылы лебіздері мен жақсы тілектерін қалдырды. Мұғалімдер баяндамашылардың жоғары дайындығын, іс-шараның жақсы ұйымдастырылғанын және өз тәжірибелері үшін пайдалылығын атап өтті.

[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.