М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
06.10.2021

Профессор Ж.А.Ермекбай ҰОС басталғанына 80 жыл толуына арналған конференцияға қатысты





24-25 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Rixos President Astana» қонақүйінің «Жерұйық» залында Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына арналған «Шындықты жеткізу және Бейбітшілікті қорғаушыларын еске сақтау үшін!» атты халықаралық конференция болып өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар - Президенттік гранттар Қорының қолдауымен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігімен «Ресейдің ізденіс қозғалысы» Отан қорғау жолында қаза тапқандарды мәңгі есте қалдыру бойынша Бүкілресейлік қоғамдық қозғалысы бірлесіп ұйымдастырды.


Конференцияны қошемет сөзбен ашқандар - тарих ғылымдарының кандидаты, ОНФ Орталық штабының тең төрағасы, «Ресейдің іздеу қозғалысы» қоғамдық қозғалысының жауапты хатшысы Е.М .Цунаева, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық қоры басқармасының төрағасы М.Ж. Молдағалиев, Қазақстан Республикасындағы Россотрудничествоның өкілі К.П. Воробьев, «Елбасы курстастары» ҚҚ құрметті Президенті З.И. Иманқұлов болды.


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының профессоры. Ж.А.Ермекбай «Ұлы Отан соғысы және Қазақстан: кәсіпорындарды, ғалымдарды, азаматтарды эвакуациялау» баяндамасын оқыды. Өз сөзінде пофессор Ж.Ә. Ермекбай КСРО-ның еуропалық бөлігінің майдандық аймағынан Қазақ КСР-не 300-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорындардың көшірілгені туралы және ол көштің қалай өткені туралы баяндады. Қазақстанға көшірілген кәсіпорындардың Жеңіске жету жолында қалай ерен еңбек еткені жөнінде, сол еңбектің шындығында, соғыстың зардабын еңсеру мен жеңу үшін болған күрес екендігін жан-жақты талдай отырып баян етті. Мысал ретінде баяндамашы Украинадан Ақмолаға (қазіргі Нұр-Сұлтан) эвакуацияланған ОГПУ атындағы 317-нөмірлі Мелитополь станок жасау зауытының қызметіне тоқталды. Ол заводтың танкіге қарсы артиллерияға арналған сынықтардан тұратын снарядтар шығарған жұмысы туралы кең баяндады. Профессордың баяндамасында келтірілген эвакуацияланған ғалымдардың, академиктердің, корреспондент-мүшелердің, атап айтқанда, В.И. Вернадский, Н.Ф. Гамалея, А.С. Орлов, Л.С. Штен т.б. көптеген ғалымдардың күнделікті өмірінен алынған қызықты деректер туралы әңгімесін аудитория қызыға тыңдады.

[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.