М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
16.09.2021

Fantastic Mathematicians and Where to Find Them: Филиал математиктерінің жазғы каникулы


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында оқитын «Математика» бағытының студенттері сабақтан тыс уақытта да сүйікті ғылымына бас тартпайды. Осы жазда біздің студенттер ірі жазғы ғылыми мектептердің жұмысына белсенді қатысқан болатын.




ММ-41 тобының студенттері Алишер Айқын мен Дінмұхаммед Ақпан 5 шілде – 6 тамыз аралығында Мәскеу физика-техникалық институтында (Долгопрудный қ.) өткен «Студенттерге арналған 2021 жазғы зерттеу бағдарламасына» қатысты. Мектеп МФТИ, ММУ механика-математика факультеті мен Санкт -Петербург мемлекеттік университетінің математика және компьютерлік ғылымдар факультетінің қолдауымен өткізілді. Мектеп бағдарламасы математикалық мамандықтар бойынша бакалавриаттың 1-4 курс студенттеріне арналған. Мектептің мақсаты – студенттерді ғылыми зерттеулерге тарту. Қатысушыларға математиканың мынадай салаларынан жобалар ұсынылды: дискретті геометрия, түйін теориясы, гиперболалық көпқырлылар, топологиялық комбинаторика, экстремалды комбинаторика, графмка теориясы, сандар теориясы және Максвелл-Морстың дискретті теориясы. Алғашқы екі аптада мектептің менторлары өз жобаларын таныстырды, қатысушылар сол уақыт ішінде қай жобаны таңдайтынын анықтады. Келесі үш апта ішінде студенттер таңдаған жобасы бойынша менторлардың жетекшілігімен жұмыс жасады. Мектеп туралы қосымша ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады – https://combgeo.org/events-ru/summer-2021/.


Алишер мен Димаш Максвелл-Морс дискретті теориясының аналогы туралы жоба бойынша МФТИ бас ғылыми қызметкері О.Р.Мусин мен ММУ профессоры А.О.Ивановтың жетекшілігімен жұмыс жасады. Қазіргі уақытта жоба бойынша жұмыс жалғасуда: зерттеу нәтижелері баяндалатын мақала дайындау жоспарлануда.




ММ-31 тобының студенті Талипов Талипов 19 шілдеден 28 тамызға дейін Массачусетс технологиялық институтында (Кембридж, АҚШ) өткен «Жазғы геометрия институты– 2021» ғылыми мектеп жұмысына онлайн түрде қатысты. Мектеп «Математика» және Computer science. бағыттары бойынша білім алушы студенттер мен магистранттарға арналған. Қатысушыларды іріктеу конкурстық негізде өткізлді. Биыл небәрі 34 үміткер іріктелді; қатысушылар Үндістан, Ұлыбритания, АҚШ, Кения, Бангладеш, Германия, Мексика, Швейцария, Қазақстан, Бразилия университеттерінің студенттері болды.



Осы мектеп аясында қатысушылар үшін ұйымдастырылған компьютерлік геометрия бойынша кіріспе дәрістер мен Гарвард университеті (АҚШ), Лондон Империал колледжі (Ұлыбритания), Сан-Диегодағы Калифорния университеті (АҚШ), Pixar анимациялық компаниясы (АҚШ), Чикаго университеті (АҚШ), Карнеги-Меллон университеті (АҚШ), Metafold 3D Printing Compaбасып шығару компаниясы (Канада), Epic Games компаниясы (АҚШ) және т.б. сияқты университеттер мен ұйымдардан шақырылған ғалымдарының зерттеулеріне арналған дәрістер оқылды.




Бірінші апта бойында мектеп қатысушылары компьютерлік геометрия бойынша таныстыру курстарын тыңдады. Келесі апталарда мектеп қатысушылары 3-8 оқушыдан тұратын топта мектеп менторларының бірінің жетекшілігімен бірлескен жоба бойынша жұмыс жасады. Мектеп менторы ретінде компьютерлік геометрия саласы бойынша белгілі көрнекті ғалымдар шақырылды. Әр апта соңында қатысушыларға жаңа жобалар ұсынылып отырылды.


Талант Талипов Robust computation of Hausdorff distance between triangle meshes («Үшбұрышты торлар арасындағы Хаусдорф арақашықтығын сенімді есептеу») тобына қосылды. Топтың жетекшісі – UFSC-дан Санта -Катарина Федералды Университетінің профессоры Леонардо Захт болды (Бразилия). Бұл топтың мүшелері Matlab –те екі үшбұрышты беттер арасындағы Хаусдорф арақашықтығын есептейтін кодты жазды. Қатысушылар бірлескен жұмыстың нәтижесін (http://summergeometry.org/sgi2021/robust-computation-of-the-hausdorff-distance-between-triangle-meshes/ блогында сипаттап жазды).




Мектеп туралы кеңірек ақпаратты мына сілтемелерден алуға болады – https://sgi.mit.edu/ и http://summergeometry.org/sgi2021/ .


Фото: А. Айкын, Т. Талипов


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.