М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
12.07.2021

Түлектер күні - 2021


2021 жылғы 3 шілдеде М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында онлайн режимінде түлектерді құттықтаудың дәстүрлі түрдегі салтанатты рәсімі болып өтті. Биыл Мәскеу университетінің дипломы Қазақстан филиалының 147 түлегіне тапсырылды.


Заставка


Салтанатты шараны ММУ құрметті профессоры, Ресей Федерациясының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В. Сидорович ашты.


А.В. Сидорович


Түлектерге арналған құттықтау сөздерінде Александр Владимирович осы күннің ерекшелігі түлектерді жоғары білім иелері атанғаныдығымен және және өмірдің жаңа кезеңіне қадам басуымен есте қалатынын жадыда сақтайтын ерекше күн болатынын атап өтті. Себебі бұл оқу жылы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап отырған жыл және ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығын атап отырған жыл. «Бұл дегеніміз, сіздің игерген біліміңізде елдің онжылдықтары және ендігі ретте Филиалдың онжылдықтары, бүкіл ұжымы, әрбір оқытушысы, әр қызметкері және, сіздің отбасыңыз бен жақын адамдарыңыздың өмірі мен тағдыры тікелей бейнеленеді», – деді директор. Александр Владимирович өз сөзінде Қазақстан филиалының құрылу тарихы, оның жетістіктері мен табыстарын еске ала келе, Филиалдың ММУ құрылымындағы өзіндік орны туралы айта отырып, «Біз Қазақстандағы беделді оқу орнына және Мәскеу университетінің құрметті бөлімшесіне айналдық» деп ерекше атап көрсетті. Профессор А.В.Сидорович ММУ Қазақстан филиалының Қазақстан Республикасы мен Мәскеу университеті басшылығының жоғары сенімін ақтап, Қазақстанның лайықты жас ұрпағын тәрбиелеп, қазақстандық ғылымның дамуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті. Мұның бәрі біздің түлектеріміздің жоғары кәсіби жетістіктері мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Филиалдың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып өткізілген бес мерейтойлық конференцияға қатысқан қазақстандық және шетелдік ғалымдардың терең құрметпен айтылған құттықтауларында көрініс тауып отыр.


Заведующие кафедрами


Түлектерді құттықтап жылы лебізін білдіргендер қатарында ММУ және Филиалдың оқытушылары, атап айтсақ, физика -математика ғылымдарының докторы, ММУ Қазақстан филиалының математика және информатика кафедрасының меңгерушісі Бекмағанбетов Қуаныш Әбдірахманұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ ВМК факультетінің профессоры, Филиалдың «Математикалық модельдеу» магистрлік бағдарламасының жетекшісі Сергей Владимирович Богомолов, филология ғылымдарының докторы, ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасының меңгерушісі Власова Галина Ивановна, география ғылымдарының докторы, профессор, ММУ география факультеті деканының орынбасары Битюкова Виктория Расуловна болды.

 

Құттықтау сөздерінде олар түлектерге өздерінің шынайы тілектерін білдірді және олардың ішкі әлеуетін іске асыруға, әлемнің ең жақсы университеттерінің бірі – Мәскеу университеті берген білімді елдің игілігі мен өркендеуі үшін қолдана алатындығына үлкен сенім білдірді.


Ответное слово выпускников


Осынау жыл сайынғы бітіру рәсімінің ажырамас бөлігі – түлектердің ұстаздары мен құттықтаушыларға арналған жауабы. Биыл осындай жүрекжарды шәкірттік сөздерін барлығының атынан «Экономика» бағытының бакалавры Пак Кирилл мен «Филология» бакалавры Құндызбаева Карина айтты. Түлектер өз сөзінде білімге, тәжірибеге, қолдауға, шыдамдылыққа, ынта -жігер мен даналыққа үйреткені үшін, ММУ Қазақстан филиалын құрудың бастамашысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа, Мәскеу университетінің ректоры, академик В.А.Садовничийге, Филиал директоры А.В. Сидоровичке, барлық ұстаздарына және қызметкерлерге алғысын білдірді. Өз сөзінді сонымен бірге түлектер болашақ жетістіктерге жетуге қуат болатын тамаша бастама алғанына және Мәскеу университетінің студенттік бауырластығы мен Қазақстан филиалына мәңгі адал болатындарын айтты.


Студенты


Филиалдың төменгі курс студенттері биылғы 2021 жылдың түлектеріне шынайы тілектері мен шығармашылық құттықтауларын жолдап сөз сөйледі. Олардың ішінде Пунтас Виктория, Ишанова Нина, Аукатова Линара мен Кузьминова Надежда қазақ, орыс, ағылшын және латын тілдерінде музыкалық құттықтаулар орындады, ал «Экономика» және «Филология» бағыттарының 1 және 2 курс студенттері құттықтау өлеңдерін оқыды. Осы іс-шара арқылы ММУ Қазақстан филиалының студенттік қоғамдастығы өздерін достық сезімге толы ынтымағы зор команда екенін және әрқашан бір-біріне қолдау көрсетуге дайын екенін көрсетуге тырысты, сол арқылы өз alma mater-іне адал студент пен адал түлек екенін дәлелдеуге ұмтылды.


Онлайн форматта өткізілгеніне қарамастан, 2021 жылғы ММУ Қазақстан филиалының түлектерін құттықтау рәсімі өз салтанаты мен әсерлілігін жоғалтпады, мерекенің соңы виртуалды отшашулар мен құттықтаулармен аяқталды.


Участники


Құрметті түлектер!


Сіздер үшін бүгіннен бастап өмірдің жаңа кезеңі басталды. Сіздерге өмірдің жаңа жолдары ашылып, жаңа мақсаттар мен перспективалар көкжиектен қол бұлғап шақыруда. Мәскеу университетінде сіздер сенімді білім алдыңыз, енді өмірдің сан салалы жолдарының қайсысы дәл сіздің жол болатынына, қандай мақсатқа жететініне сіздің жеке өзіңізге ғана байланысты. Біз сіздерге шынайы тілегімізді білдіреміз, сіздерге өзіңізді кәсіби және бақытты адамдар деп сенімді түрде атай алуыңыз үшін барлық жерде әрқашан сәттілік жолы ашылсын!


>>> Түлектер фотогалереясы


Салют



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.