М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
20.06.2021

Бос орындар жәрмеңкесі - 2021



2021 жылғы 15 маусым күні М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында жыл сайынғы бос орындар жәрмеңкесі – университет түлектерін жұмысқа орналасуға қолдау мақсатын көздейтін іс-шара болып өтті.




Міне, мемлекеттік емтихандар мен біліктілік бітіру жұмыстарын қорғау да артта қалды. Алда салтанатты түрде дипломдарды тапсыру сәті күтуде. Осылай, Филиалдың түлектері тағы да «тоғыз жолдың торабында» тоғысты. Ендігі ретте оларға жұмыс орны мен мансапты бастау шарттарын таңдау сияқты күрделі міндетті шешу керек. 2021 жылы өзінің 20 жылдығын атап өткелі отырған Филиал биыл 147 жоғары білікті бакалавриат пен магистратура түлектеріне өмірге жолдама береді. Ол түлектер – математика, жүйелі бағдарламалау, экономика, филология және экология салалары бойынша іргелі білімге ие болған жас мамандар. Филиал өз түлектерін өмірдің жаңа белесінде де қолдауға ұмтылыс жасайды, сондықтан жыл сайын бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып, оған мемлекеттік құрылым өкілдерін, ұлттық және жеке компаниялар өкілдерін, жоғары және орта оқу орындарының және БАҚ өкілдерін, осы түлектерді жұмысқа қабылдауға мүдделі болған басқа да тұлғаларды шақырады. Іс-шара барысында әлеуетті жұмыс берушілер жас мамандармен танысып, кәсіби байланыстар орнатады, жұмысқа орналасу туралы алдын ала келісулер жасайды, алғашқы әңгімелесулер жүргізіледі. Университет бітіріп отырған түлектер ұйымдардың қызметінің бағыттары туралы біледі, өз перспективаларын бағалай алады, іс-әрекеттерінің одан әрі қарай жүйесін нақтылай алады.


Выступающие


Кездесу барысын ММУ Қазақстан филиалының директоры, ММУ еңбегі сіңген профессоры А.В. Сидорович ашты. Ол өзінің сөзінде: «Біз ХХІ ғасырдың қойып отырған талаптарына жауап бере алатын мамандарды даярлап жатырмыз. Олар - бөлшек-бөлшек, өзара қарама-қайшылықтағы мәліметтерді біріктіре алатын және соның негізінде тиімді нәтижелерге қол жеткізе алатын мамандар. Мәскеу университеті – әлемде болып жатқан процестерді түсінуге үйрететін және өз жұмысында мәселелерді шешудің заманауи әдістерін қолдануға дағдыландыратын жүйелі білім беру орны. Біз сенімдіміз, біздің әрбір түлегіміз мемлекеттің игілігі мен мүддесі үшін белгілі бір ұйымда белгілі бір нақты бір жұмысты орындауы тиіс, маман дайындауда да нақ осы ұстанымды басшылыққа аламыз. Өйткені нақ осы түлектер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаевтың сенімін ақтайтын болады», - деп атап көрсетті.


ММУ Қазақстан филиалының түлектерімен кездесу барысында «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті» ММ мүшесі М.М. Бортник, ҚР Экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқармасының Төрағасы Р.С. Султанов, Smart Data Ukimet блока BigData «Ұлттық ақпараттық технологиялар NITEC» жобасының жетекшісі, Филиалдың 2014 жылғы түлегі Д.А. Мун сөз сөйлеп, презентация жасады. Сөз сөйлегендер өз кезектерінде Филиалдың болашақ маман дайындаудағы кәсібилігінің жоғары деңегйде екенін, осы Фииалды бітірген түлектерді жұмысқа қуана алатынын атап өтті.




Жәрмеңкенің ресми бөлімі аяқталған соң болашақ жұмыс берушілер осы бағыттағы түлектермен неғұрлым кеңірек отырып әңгімелесу үшін жеке кездесулер жүргізді. «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты секциясының жұмысына «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Тау-кен Самрұқ Ұлттық компаниясы» АҚ, «ЭКОС» ЖШС, Nomad есо ЖШС, «Қазгидромет» РМК, «ҚазЭкоаналитика» ЖШС және Қазақстан экологиялық ұйымдарының ассоциациясы өкілдері қатысты.


«Филология» бағыты түлектерімен – бакалаврлармен және магистранттармен - кездесуге Нұр-Сұлтан қаласынана Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері, Еуразиялық гуманитарлық институт, №6 гимназия, №5, 22 мектеп гимназия өкілдері келді.


«Математика» және «Қолданбалы математика және информатика» бағыты түлектерімен кездесуге «Ұлттық ақпараттар технологиялары» АҚ, InesSoft ЖШС, ҚР ПІБ «Инженерлік-техникалық орталық» РМК , «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ, Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектептері, Smart data Ukimet ҒЗТ өкілдері келді.




Филиалдың «Экономика» бағыты бойынша түлектерімен кездесуге Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша Есеп комитетінің, «Қазақстандық индустрия жіне экспорттау орталығы QazIndustry компаниясы» АҚ, PWC Kazakhstan компаниясының, KPMG компаниясының өкілдері келді.


Бос орындар жәрмеңкесі, түлектер мен қонақтар бағалауы бойынша, өте жемісті өтті және жас мамандарға қазақстандық еңбек нарығында өз бағдарын анықтап алуына көмектесті.



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.