М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
11.06.2021

Филиалдың экология және табиғатты пайдалану кафедрасының оқытушысы Дехнич Владимир Сергеевичті география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!


 




2021 жылғы 10 маусым күні ММУ география факультетінің диссертациялық кеңесінде В.С. Дехнич «Қазақстанның урбанданған аймақтарында климат өзгеруі жағдайындағы төменгі көміртек стратегиялары» тақырыбына жазылған 25.00.36 – Геоэкология (географиялық ғылымдар) мамандығы бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясын қорғап шықты.


В.С. Дехнич 2014 жылы ММУ Қазақстан филиалының «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша үздік аяқтап шықты. 2016 жылы ММУ география факультетінің әлемнің физикалық географиясы және геоэкологиясы кафедрасында магистратураны үздік аяқтады. 2016 жылғы қыркүйектен бастап, ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының оқытушысы болып қызмет етіп келеді. Ол «ДК «ЭРА» ақпараттық технологиясын пайдалана отырып, қоршаған ортаны эмиссиялауды есептеу әдістемиесі», «Техногендік жүйелер және экологиялық тәуекелдер», «Инженерлік экология», «Геоинформатика», «Экология және табиғатты пайдаланудағы геоақпараттық жүйелер» курсынан дәріс оқиды, Филиалдың Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары.


Филиалда қызмет етіп келе жатқан жылдарында Владимир Сергеевич өзін әрдайым кәсіби деңгейін жоғарылатып отыратын, жоғары білікті маман және жауапкершілікті терең түсінетін азамат ретінде таныта білді. Филиалдағы «Жас оқытушы» бағдарламасының қатысушысы болып, В.С. Дехнич диссертациямен жұмыс жасауда басшылық тарапынан қолдау тауып отырды.


В.С. Дехничтің ғылыми жетекшісі – Николай Михайлович Дронин, география ғылымдарының кандидаты, ММУ география факультетінің әлемнің физикалық географиясы және геоэкологиясы кафедрасының лаборатория меңгерушісі.



Ресей ғылым академиясының академигі, М.В. Ломоносов атындағы ММУ география факультетінің Президенті, Орыс географиялық қоғамының бірінші вице-президенті Николай Сергеевич Касимов В.С. Дехничті кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтап тұр.


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының ұжымы Владимир Сергеевич Дехничті, Филиалдың «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының үздік түлектерінің бірі ретінде кандидаттық диссертациясын жақсы қорғауымен шын жүректен құттықтайды және одан әрі қарай ғылыми және шығармашылық табыстарға кенеле беруіне тілек білдіреді!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.