М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
07.06.2021

Орыс тілі мен әдебиеті апталығы


2021 жылғы 20-27 мамыр күндері аралығында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында онлайн-форматта Орыс тілі мен әдебиеті апталығы болып өтті.


Открытие

Открытие Недели. Власова Г.И.


Апталық 20 мамыр күні ашылып, кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Г.И. Власова кіріспе сөз сөйледі. Ол апталықтың бағдарламасында белгіленген іс-шаралар туралы айтты және өткен жылдардағы Апталықтар туралы еске салып өтті. Апталық ашылуы жарияланған соң-ақ, алғашқы іс-шара өткізілді. Ол іс-шара қазақтың ақыны Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған болатын. «Тенгри» клубының қатысушылары ақынның өлеңін жатқа мәнерлеп оқыды. Оның соңы ақын өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндамаларға ұласты. Баяндама оқығандар:


Открытая лекция 


1. Ф.ғ.к. доцент Г. П. Байғарина. Ол интервью жанры тұрғысынан қарағандағы Олжас Сүлейменовтің лингвистикалық портреті туралы айтып берді.

 

2. Ф.ғ.д., профессор Т. В. Кривощапова «О.Сүлейменовтің “Аз и Я” кітабындағы “Слово о Полку Игореве” туралы» атты баяндамасын оқыды.


Дәріс тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудырып, танымдық мәселелер көп баяндалды. Лингвистикалық сипаттамасы бойынша Олжас Сүлейменовтің аудитория алдында «либерал» позициясын ұстанған өз ойын ашық және айтып, көзқарасын берік ұстанатын патриот» ретіндегі келбеті танылды. Сонымен бірге студенттер «Аз и Я» кітабының мысалы негізінде сынның түрлі тарихи кезеңде түрліше қызмет атқаратынын білді.


Чтецы, "Тенгри"


«Тенгри» клубының қатысушылары Дарья Панева, Жания Жакупова, Арыстан Иксанов, Дана Балтабаева, Камиля Нурбаева ақын Олжас Сүлейменовтің «Аз тэ обичам», «Это кажется мне», Андрей Вознесенскийге арналған, «Были женщины по плечо», «Звезда», «Последние мысли Махамбета, умирающего на берегу Урала от раны», «Любая влага, влитая в кувшин» атты өлеңдерін оқып, қазақ даласының өрнекті мотивтерін, терең махаббат сезімін, философиялық ой-пайымдарын танытты.


Олжас Сулейменов читает


Аталған іс-шара Олжас Сүлейменовтің «Бөлтіріктер» өлеңін мәнерлеп оқып тұрған бейне фильмін көрумен аяқталды.


День славянской письменности


Апталықтың тағы бір айшықты оқиғасы ретінде «Славян азбукасының тарихы» атты студенттік білімдік-ғылыми конференциясын атауға болады. Бұл іс-шара 24 мамырда өткен Славян жазуы мен мәдениеті күніне орайластырылған болатын. Филология кафедрасының доценті, ф.ғ.к. С.М. Треблер конференцияны «Мамырдағы славян жазуы мен мәдениеті күні туралы» атты баяндамасымен ашты. Ол осынау мейрам күні қалай аталып өтілетіні туралы және қандай тарихи маңызы бар екені туралы айтты. Филология кафедрасының оқытушысы А.М. Чепкова «Жизнь и деятельность славянских первоучителей Кирилла и Мефодия» атты баяндамасында славян азбукасын жасаушылар туралы және олардың өмірлік жолдары туралы айтып берді.


Просмотр Фильма. Достоевский


Осы яғни 2021 жыл мерейтойларға толы: орыс жазушысы, ойшылы және публицисі Ф.М. Достоевскийдің туғанына 200 жыл толды. Осымен байланысты, 25 мамыр күні «Федор Достоевский. Между адом и раем» атты фильм көрсетілді. Фильмдегі маңызды сәттер туралы филология кафедрасының оқытушысы ф.ғ.к. А.В. Семенова түсініктемелер беріп өтті. «Филология» бағытының 2 курс студенттері осы фильмдегі жазушының рухани күші жақсы жеткізілгені туралы, жазушы қандай сындардан өтіп жатса да, жасымай, есесіне, таланты ұштала түскені туралы өз ойларын айтты.


Диктант. Экономисты


Апталық аясында студенттерге өзінің сауаттылығын тексеру ұсынылды. Филология кафедрасының оқытушысы Э.В. Мельникова 22 мамыр күні Э-11 және Э-12 топ студенттеріне «Мәскеу университеті» атты диктант өткізді. Болашақ экономистер сауатты жазба тілді меңгерген қабілеттерін көрсетуге тырысты. Күрделі диктант студенттердің орыстың сөзіне шынайы махаббатына деген жолында кедергі бола алмады. Елеусіз орфографиялық қателер мен бірқатар ғана күрделі жайлар (мысалы, көсемше оралымды сөйлемдегі қыстырма сөз) топтардың жалпы биік деңгейіне көлеңке түсіре алмады.


Угадай персонажа


Ал филология кафедрасының оқытушысы Е.С. Воронова «Филология» бағытының 2 курс студенттерімен өткізген «Персонажды тап» атты зияткерлік ойыны барысында студенттердің әдебиет бойынша эрудицияларының деңгейін байқау мүмкіндігіне ие болды.


Зияткерлік ойын арқылы студенттер әдебиет пен түрлі персонаждарды естеріне түсірді, солай өздерінің тамаша білімдарлығы мен тапқырлығын, орынды әзілдей білуі мен интуициясын байқатты.



Колонка редактора. Экономисты


26 мамыр күні «Редактор бағаны» атты зияткерлік ойы өткізілді. Оған «Экономика» бағытының 2 курс студенттері қатысып, өздерін журнал редакторлары ретінде және мақала авторлары ретінде байқап көрді. 5 авторлық ұжым құрылып, әрқайсысына журналдың белгілі бір тақырыптық мәселесіне материал әзірлеу тапсырылды. Мақала жазу барысында журналдың редакторы қойған өзіндік ерекшелігі мен міндеттерін назарда ұстау міндеті қойылды.

27 мамырда Апталықтың жабылу салтанаты болып өтті. Онда апта бойы жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері қорытындыланып, фотоконкурстың жеңімпаздары анықталды. Фотоконкурстың мақсаты – басқа түрге айнала білу талантын ашу. Конкурсқа ерекше түрде суретке түсіп, орыс әдебиетінің персонаждарының мінезі мен сыртқы сипаттарын көрнекі түре көрсету керек болған еді. Бұл жарыста «Филология» бағытының 1-курсында оқитын келесі студенттер жеңімпаз атанды:


1 орын – Жанна Маратоваға берілді. Ол өз фотосында Илья Ильф пен Евгений Петров авторы болып табылатын «Он екі үстел» және «Алтын бұзау» романдарының бас кейіпкері – авантютрист Остап Бендердің рөлін сомдаған болатын.


Конкурс фотографий - 1 место


2 орын – Диана Гетманскаяға берілді. Ол А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романындағы Татьяна бейнесіндегі фотосын конкурсқа ұсынған еді.


Конкурс фотографий - 2 место


3 орын – Линара Аукатоваға берілді. Ол А И. Куприннің «Гранат білезік» повесіндегі Вера Николаевнаның бейнесінде түскен фотосын ұсынған болатын.


Конкурс фотографий - 3 место


Орыс тілі мен әдебиеті апталығына қатысқан барлық қатысушыларға алғыс айтамыз және оқу жылының табысты аяқтаулына тілек білдіреміз! Сіздерді келесі жылғы Апталықта күтеміз!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.