М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
15.05.2021

«Қазақстан Республикасының аймақтары мен қалаларының экологиялық мәселелері және тұрақты дамуы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы


2021 жылғы 12 мамырда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Қазақстан Республикасының аймақтары мен қалаларының экологиялық мәселелері және тұрақты дамуы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.


Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған Қазақстан дамуындағы экономика, филология, экология, математика және тарих бағыттарындағы жоспарланған, халықаралық конференциялар жоспарының қатарында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Кітапханасымен бірлесе ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Конференцияға Мәскеу университетінің жетекші ғалымдары, Қазақстан ЖОО ғалымдары, мемлекеттік басқару және стратегиялық жоспарлау институттарының жетекшілері қатысты.





Конференцияны М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор А.В. Сидорович, ММУ география факультетінің деканы, Ресей ғылым академиясының мүше-корреспонденті С.А. Добролюбов ашып, сөз сөйледі.



Приветствия


Қатысушыларды қошемет сөзбен қарсы алып, сөз сөйлегендер - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресурстары вице-министрі А.А. Примкулов, Ресей ғылым академиясының академигі, М.В. Ломоносов атындағы ММУ география факультетінің президенті, Орыс географиялық қоғамының бірінші вице-президенті Н.С. Касимов, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Х.Р. Акимжанов, Қазақстанның Экологиялық ұйымдар ассоциациясы Басқармасының төрағасы А.С. Соловьева, Kaz Eco Patrol Республикалық қоғамдық бірлестігінің ОФ ECO FUND TABIGAT төрағасы, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Т.М. Елеусизов өз сөздерінде ММУ Қазақстан филиалының Қазақстан мен Ресейдің достық байланысын нығайтуға, қазақстандығ ғылымды дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Сөз сөйлегендер ММУ Қазақстан филиалының қоршаған ортаны қорғауға байланысты жетекші ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс жасауы республиканың тұрақты дамуға өтуіне қомақты үлес қосады деп атап өтті.



Пленарные доклады


Ғылыми-практикалық конференцияның Пленарлық мәжілісіне, сонымен қатар, ММУ география факультетінің деканы, Ресей ғылым академиясының мүше-корреспонденті С. А. Добролюбов, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры А. Р. Ширанов, ММУ география факультетінің құрлық гидрологиясы кафедрасының меңгерушісі география ғылымдарының докторы, профессор Н. Л. Фролова, «Астана» Халықаралық ғылыми кешені География институының директоры, Қазақстан жаратылыстану ылымдары академиясының академигі, география ғылымдарының докторы, Ф. Ж. Акиянова, Орыс географиялық қоғамының Мәскеу қалалық бөлімінің Мәскеу және Мәскеу маңы географиясы Комиссиясының төрағасы, география ғылымдарының кандиадты А. Г. Махрова, Qazaq Geography Республикалық қоғамдық бірлестігі басқармасы төрағасының кеңесшісі А. С. Абубакиров қатысты.



Участники конференции


Конференцияның Пленарлық мәжілісінде заманауи Қазақстанның келесідей өзекті мәселелері қарастырылды – ММУ географтарының Каспий өңірін зерттеулері, Қазақстан аймақтарының өзекті мәселелерін шешу үшін тұрақты дамудың мақсаттарын жүзеге асыру, Қазақстан және Ресейдің трансшекаралық өзен бассейндерін зерттеудің мәселелері және нәтижелері, Қазақстан және оның аймақтарының экологиялық мәселелерінің атластық картографиядағы көрнекілігі, Қазақстанның табиғи және мәдени мұрасының сақталуы.


Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын «Қазақстан аймақтарының экологиясы және табиғатты пайдалану мәселелері» және «Урбанизацияланған жерлердің экологиялық мәселелері» атты екі панельдік сессияды жалғастырды.



1 - копия.jpg


«Қазақстан аймақтарының экологиясы және табиғатты пайдалану мәселелері» панельдік сесссия жұмысына қатысушылар климаттың өзгеруі, биотүрлілікті сақтау, экожүйелердің деградациялануы, экологиялық туризм және рекреация мәселелерін талқылады. Сессияда Мәскеу университетінің география факультетінің жетекші ғалымдары, Қазақстан және Ресей университеттерінің, ғылыми-зерттеу орталықтардың басшылары өз баяндаларын оқып, ойларын ортаға салды.



2s.jpg


 «Урбанизацияланған жерлердің экологиялық мәселелері» атты сессияда Қазақстан және Ресей қалаларындағы экологиялық жағдаяттардың өзгеруіндегі заманауи үрдістер қарастырылды. Қатысушылар тұрақты дамуға көшу аясындағы қала ортасының сапасы жақсаруының маңыздылығы туралы мәселені сөз етіп, Қазақстан және Ресей қалаларындағы экологиялық-географиялық зерттеулердің нәтижелерін көрсетті. Қатысушылардың ерекше назарында болған баяндамалар Covid-19 індетінің қалалардың экологиялық, экономикалық жағдайына, сондай-ақ тұрғын үй бағасының динамикасына игізетін ықпалы туралы күрделі мәселелерге арналған баяндамалар болды. Сессия барысында қатысушылар өздерінің идеяларымен, пікірлерімен өзара алмасып, өзекті экологиялық мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын қарастырды.

 Қорытындысында ММУ Қазақстан филиалының 20-жылдық мерейтойына байланысты көптеген құттықтаулар айтылды.


 

3s.jpg

«Қазақстан Республикасының аймақтары мен қалаларының экологиялық мәселелері және тұрақты дамуы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ММУ география факультетінің жетекші ғалымдары мен экология және табиғатты пайдалану саласындағы, сондай-ақ қала құрылысын жобалау саласындағы қазақстандық мамандар арасындағы ой-пікірлерімен және тәжірибелерімен өзара алмасуға мүмкіндік берді, екі ел арасындағы ғылым және білім беру саласында бойынша қарым-қатынасты одан әрі дамытудың қажеттілігін көрсетті.

 

Конференцияға барлығы 42 баяндамашы, сонымен бірге 150-ден астам тыңдаушы қатысты.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.