М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
15.04.2021

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өкілдерімен кездесу


2021 жылғы 14 сәуірде М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Экономика» бағытындағы 3-4 курс студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өкілдерімен кездесу өткізді.



1.jpg


Кездесуді М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, Филиалдың экономика кафедрасының меңгерушісі, профессоры А. В. Сидорович ашты. Директор өз сөзінде студенттерге Қазақстандық филиал мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арасындағы меморандум туралы айтып берді. Меморандумға қол қоюдың мақсаты – мемлекеттің қаржылық секторы үшін мамандар дайындауда тығыз байланыс орнату. Бүгінгі күні Филиал мен Ұлттық Банк бірігіп «Қаржылық талдау» магистрлік бағдарламасын әзірлеу үстінде. Оның жүзеге асырылуында ҚР Ұлттық Банкі мамандары белсенді қатысатын болады. Аталған бағдарлама бойынша оқыту 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады.



2.jpg


Ұлттық Банкінің Адами капиталды дамыту департаментінің Оқыту мен персоналды дамыту Басқармасының басшысы В. А. Ким студенттерге ҰБ құрылымын таныстырды, департамент функцияларын және Банкі комитеттерін таныстырды. Қонақ, сонымен қатар, бірлескен магистрлік бағдарламаны бітірген түлектердің жұмыс орнын табудағы артықшылықтары болатыны туралы айтып берді, жұмысқа тұруда кандидаттарға қойылатын талаптар мен іріктеу тәртіптері туралы да егжей-тегжейлі баяндап берді.



3.jpg


М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы Ұлттық Банкінің Адами капиталды дамыту департаментінің Оқыту мен персоналды дамыту Басқармасының басшысы В. А. Кимге және Оқыту мен персоналды дамыту Басқармасының бас маманы А. Б. Лиге кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын айтты.

 


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.