М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
14.04.2021

ММУ Ғарыш форумы


2021 жылғы 12 сәуірде М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының магистранттары М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті РҒА Ғарыштық зерттеулер институтымен бірлесе ұйымдастырған ғарыштық форумға қатысты.



Адазмзаттың ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына арналған Форум 12 сәуір күні ашылды. Іс-шараның мақсаты – ғарыш зерттеу саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту және нығайту. Түрлі елдердің пәнаралық ғылыми ұжымдары, жас ғалымдары, аспиранттары мен студенттері өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қауымдастық алдында көрсетуге мүмкіндік алды.


 

Форумға қатысушылар мен қонақтарды ММУ ректоры РҒА академигі В. А. Садовничий құттықтау сөзбен қарсы алды. «ММУ-дегі Халықаралық ғарыш форумы – ғарыш қызметін стратегиялық және интеллектуалдық қамтамасыз ету мәселесіндегі негізгі оқғиға, іргелі және қолданбалы ғылымдар тұрғысынан алғанда, ғарыш дәуірінің жаңа онжылдықтарының келешегіне көз жіберу», – деп сипаттады ректор іс-шараны. Мәскеу университетінің құрметті профессоры, «Московский Кремль» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтың Бас директоры Е.Ю. Гагарина қатысушылардың атына құттықтау сөзін жіберген.


Кіріспе сөздермен сөйлегендер – С. П. Королев атындағы «Энергия» РКК-ның бас конструкторы, ғарыштық зерттеу факультетінің ғылыми жетекшісі, РҒА корреспондент мүшесі, Мәскеу университетінің құрметті профессоры, ұшқыш-ғарышкер, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры А. Соловьев; Роскосмос ғарышкерлері С. Рыжиков және С. Кудь-Сверчков; РҒА М. В. Келдыш атындағы Қолданбалы математика институныың директоры А. И. Аптекарев; «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының ұшырылатын ғарыштық бағдарламалар бойынша атқарушы директоры, Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-ғарышкер, Ресей батыры С. К. Крикалев; РҒА Ғарыштық зерттеулер институтының директоры РҒА академигі М. Зеленый; венгр халқының тұңғыш ғарышкері, Мәскеу университетінің құрметті профессоры Б. Фаркаш; тұңғыш чехословактық ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры В. Ремек; ММУ ғарыштық зерттеу факультетінің деканы В. В. Сазонов.

 


 Өз сөзінде В. А. Садовничий алдағы күндері өтетін Еуразиялық жастар Форумы туралы хабарлап өтті, ол іс-шараның ММУ тұңғыш филиалдарының бірі – Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналғаны туралы атап өтті. Форумның жұмысын бастап берген ректордың дәрісі ММУ ғалымдарының ғарыш саласы мен ғарыш туралы ғылымы дамуына қосқан үлестеріне арналды.



Форум аясында ғарыш кеңістігін автоматтандырылған және пилоттандырылған жабдықтар арқылы игерумен байланысты келешегі бар ғылыми зерттеулердің нәтижелері талқыланды. Ғылыми пікірталастар пәні ретінде, сонымен бірге, ғарыш қызметінің нәтижелерін пайдаланудың жаңа үрдістері туралы мәселе де қарастырылды.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.