М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.03.2021

Шекспир апталығы



15-19 ақпан аралығында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында дәстүрлі мәдени-білімдік апталық өткізілді. Ол апталық ағылшын әдебиетінің классигі Уильям Шекспирдің шығармашылығына арналды. Бұл апталық жыл сайын ақпан айының екінші жартысында өткізіледі. Мақсат – студенттер мен магистранттардың әлемдік классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Биылғы жылы, қашықтан оқыту кезеңінде апталықтың іс-шаралары барлығын бір виртуалдық аудиторияға жинау мүмкіндігіне өзек болды. Жиналғандар әдебиет туралы ағылшын тілінде ойбөлісу, шын мәнінде, көптеген таланттардың танылуына мұрындық болды.


3.jpg


Қалыптасқанындай, Филиалдың студенттері мен магистранттары әрбір конкурс пен шығармашылық кештердің басты ұйымдастырушылары болып табылады. Бұл жолы сондай кештердің саны төртеу болып белгіленген болатын. Барлық іс-шаралар сабақтан соң уақытқа белгіленіп, студенттердің қалауынша бос уақытында еркін қатысуына мүмкіндік жасалынды.


Сейсенбі күні, 16 ақпанда, Ф-21 тобының студенттері барлық тілек білдірушілерді әдеби викторинаға қатысуға шақырды. Ол викторина классикалық ағылшын көркем шығармаларының экранизациясына арналды. Викторина Kahoot платформасында ұйымдастырылды және өте қызықты болып өтті. Нәтижесінде, ағылшын әдебиетінің білгірлері болып саналғандар: Нұрлыбаева Мөлдірайым (1 орын), Медведев Владимир (2 орын), Давтян Нарек (3 орын).


Келесі конкурстың ұйымдастырушысы тұңғыш рет бірінші курстықтар – Ф-11 топ студенттері болды. Сәрсенбі күні 17 ақпанда студенттер ерекше ықыласпен қонақтарды Уильям Шекспирдің өмірбаянымен таныстырды, аудиторияның белсенділігін көтере отырып, қызықты сұрақтар қойды, бірнеше сүйікті сонеттерді оқып берді. Ал кездесудің соңы ұлы драматургтің шығармашылығындағы жұмбақ жайттар туралы пікірталасқа ұласты. Ол жайттар осы күнге дейін әлемдік әдебиет қауымдастығын да толғандырып келе жатқаны белгілі.


5.jpg


Уильяма Шекспирге арналған апталықтың үшінші және ауқымды іс-шара өткізілген күні әдеби қонақүйі деп аталып, мұнда студенттер мен магистранттар өздерінің таланттарын төрт номинация бойынша көрсете алуына жол ашылды: сонеттерді оқу, рөльде ойнау, ән айту және Уильяма Шекспир шығармаларындағы кейіпкердің заманауи бейнесін жасау. Кешті ұйымдастырушылар қатарынан құралған қазылар алқасы әр номинация бойынша лайықты жеңімпаздарды анықтады. Олардың қатарында - Аукатова Линара (1 орын), Иксанов Арыстан (2 орын), и Алимова Сауле (3 орын) бар.


Ән конкурсында ең музыкалды қатысушы ретінде танылғандар - Құндызбаева Карина (1 орын), Пунтас Виктория (2 орын), ал 3 орынды өзара Иксанов Арыстан мен Нұрлыбаева Мөлдірайым бөлісіп алды.


Ең көркем және ең шығармашыл номинация ретінде рольде ойнауды атауға болады. Мұнда қатысушылар өзара қашықтықта виртуалды аудиторияда отырса да, персонаждардың мінездері мен қойылған сценаның драматизмін тамаша жеткізе алды. Нәтижесінде, номинация жеңімпазы - Иксанов Арыстан болды, ол Ромео мен Джульеттаның диалогын бір өзі орындап шықты. Екінші орынға Ф-41 топ студенттері Ан Михаил, Куриева Зарета, Туралиева Карина және Туранел Айгерим ие болды. Олар «Король Лир» пьесасынан үзінді қойған еді. 3 орынның жеңімпазы атанған филолог-бірінші курстық Аукатова Линара болды. Ол «Он екінші түн» пьесасындағы Виола монологын аса терең шабытпен орындап берді.


Соңғы, бірақ аса бір қызықты номинация – Уильям Шекспирдің туындыларындағы персонаждардың биографиясы мен мінездемелерін танып-білумен және соңынан олардың атынан әлеуметтік желіде парақша ашумен байланысты болған еді. Бұл конкурста шаң жеткізбей алға озып шыққан Бейсембаева Адина болды. Ол 1 орынға ие болды. Ал Капсытбай Арайлым мен Щетинина София 2 орын алды, сонымен бірге, Михель Милена 3 орынға ие болды.


6.jpg


Уильям Шекспир апталығының қорытындысы апталықтың соңғы күні яғни жұмада 19 ақпанда өткізілді. Бұл күні, сонымен бірге, эссе конкурсының нәтижесі де айтылып, студенттер мен магистранттар арасынан жеңімпаздар анықталған болатын. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар өте көп және жоғары сапалы жазылғандықтан, номинацияны дайындау бағыттары бойынша бөлу туралы шешім қабылданды. Осылай, «Математика» мен «Қолданбалы математика және информатика» бағыты бойынша ең үздік эссе ретінде танылған эссе авторы - 1 курс студенті Муртазин Данияр. Филолог студенттер арасынан Уильям Шекспир туралы эссе жазған - Аукатова Линара (1 орын), Ахметова Назерке (2 орын) және Ан Михаил (3 орын) болды. Студенттер арасынан неғұрлым шығармашыл тұрғыдан келу және сауаттылық деңгейі жоғары екендігін «Экономика» және «Экология және табиғатты пайдалану» бағыты бойынша көрсете білгендер - Пунтас Виктория (1 орын), Нуржанова Дильназ (2 орын) және Гассанова София (3 орын).


Самыми активными участниками недели по итогам всех мероприятий признаны студент 1 курса направления «Филология» Иксанов Арыстан и магистрантка Нурлыбаева Молдирайым.


Апталықтың іс-шараларының барлығы бойынша үлкен белсенділік танытқандар - «Филология» бағытының 1 курс студенті Иксанов Арыстан және магистранты Нұрлыбаева Мөлдірайым болды.


Уильям Шекспирдің шығармашылығына арналған апталықты өткізудің нәтижесінде, Филиалдың студенттері мен магистранттары өздерінің таланттарын танытып, әлемдік классикалық әдебиетке деген қызығушылығын көрсете білді. Барлық іс-шараға қатысушылар осыны ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдіріп отырғанын да атап кету керек. Апталықтың әр күні уақытты пайдалы да қызғылықты және мәдени-білімдік ортаға виртуалдық болса да саяхатқа шыққандай әсер етті.

 

Біз барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және шығармашылдығын танытқаны үшін алғыс айтамыз, сонымен бірге оқуда озат болуына тілек білдіреміз!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.