М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
05.01.2021

Шыдамдылыққа тестілеу


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында 2020 жылғы 14-16 желтоқсанда студенттер арасында планкада тұру бойынша қашықтан өткізілген тұңғыш жарыс өткізілді.


Карантин шараларына қарамастан, Филиалдағы оқу өмірі қызу қайнау үстінде. Біздің Филиалда көптеген виртуалды жарыстар өткізілген болатын.


14-16 желтоқсан күндері тағы бір виртуалды жарыс - планкада тік тұру жарысы өткізілді. Бір қарағанға жеңіл сияқты көрінгенімен, бұл жаттығу ағзаның барлық бұлшық еттерін қозғалысқа түсіреді, бойды түзетуді жақсартып, белдің жіңішкеруіне себін тигізеді. Физикалық дайындықсыз планкада бір минут та тұру мүмкін болмас еді! Жарыстың шарттары аса қатаң болды: еденнен қолды алуға, қозғалуға және позаны өзгертуге тыйым салынды. Дегенмен, біздің студенттер еш қиындықсыз-ақ бұл жаттығуды меңгеріп алды және үздік орындарға үмітті болды.


Төрешілер, студенттердің жаттығуды орындау сапасы мен тік тұруға жіберілген уақытына қарай, өз шешімдерін шығарды. Атап кететін мәселе, бұл жарысқа тек жігіттер ғана емес, қыздар да қатысқан болатын.


Жігіттер арасындағы жарыс нәтижесі:


1. Базарбаев Ануар, Э-21, 4:17


Базарбаев Ануар


2. Мусалимов Дарий, М-12, 4:01


Мусалимов Дарий, М-12


3. Айтмухамедгали Касымхан, М-21, 3:44


Айтмухамедгали Касымхан, М-21


Қыздар арасындағы нәтижелер:


1. Кулеш Регина, Г-11, 2:24


Кулеш Регина, Г-11


2. Коляда Юлия, Г-11, 2:11


Юлия Коляда


3. Алексеева Наталья, Г-21, 2:08


Алексеева Наталья, Г-21


Біз жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға, студенттік кеңестің спорт секторына турнир ұйымдастырғаны үшін ризашылығымызды білдіреміз!



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.