М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
29.12.2020

Филиалдың ұжымына Нұр-Сұлтан қаласының Әкімі А.С. Күлгіновтың Алғыс хаты тапсырылды



Кульгинов А.С.


2020 жылғы 25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖОО басшылығы өкілдерімен елорданың Әкімі Күлгінов Алтай Сейдировичтің кездесуі болып өтті. Кездесуде қала Әкімі ЖОО өкілдеріне өз ұжымдарына Жаңа жылдық құттықтаулары мен ең тамаша тілектерін жолдайтынын білдірді. Сонымен қатар, осындай қиын пандемия кезеңінде жасап жатқан еңбектерінің жемісті болуына тілегін білдірді.


Елорда ЖОО-ларының қатарында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының ұжымына да Нұр-Сұлтан қаласының Әкімі А.С. Күлгіновтың Алғыс хаты тапсырылды.




© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.