М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
23.12.2020

Тәуелсіздік күні қарсаңындағы шахмат турнирі


2020 жылғы 11 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері, магистранттары мен аспиранттарының арасында шахматтан онлайн-турнир болып өтті.


Шахматтар – жер бетіндегі ең танымал ойындардың бірі. Бұл ойынның тарихы 1500 жылға дейін созылады екен. Бірақ сонда да шахмат ойыны барлық жастағы адамдар арасында кең танымал болып табылады. Әрине, біздің студенттер де бұл жерде шет қалған емес. 11 желтоқсан күні lichess.org платформасында ММУ мен Филиал шәкірттері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған шахмат жарысы болып өтті.


9 турдан тұратын чемпионат швейцарлық жүйе бойынша өткізілді. Жігіттер мен қыздар бірге ойнады. Ойыншыларға бір партияға 3 минуттан бөлініп берілді, оған қоса әрбір жасалған жүрімге 2 секундтан қосылып берілді.


Турнирдің бас жеңімпазы, триумфаторы Анатолий Булгаков, Филиалдың түлегі өз ойымен былайша бөлісті: «Биылғы жылы турнирге 34 адам қатысты, бұл біріншіден, және осыны мен ерекше атап кеткім келеді. Екіншіден, білікті шахматшылар да көп болды (әрбір екінші қарсыластың І және ІІ разряды бар екен)». Бұрын мұндай бәсекелестік мүлде дерлік болмаған еді. Біздің Филиалымызға осындай жан-жақты дамыған студенттердің оқуғатүскені өте қуантады. Бұл студенттер өздерін оқуда да, шахмат тақтасының жанында да таныта алатын тұлғалар деп санаймын. Мен тағы да атап кетейін дегенім, бұл ойын өте қиын болды. Кестедегі бірінші орынды сақтап тұру, әр ойын сайын қиынға түсті. Тек соңғы турдағы жеғістен соң ғана демімді бір алдым. Сәл әлсіздік танытсам, бұлай бірінші орында емес, екіншіге түсіп кетуім әбден мүмкін еді. дәл осындай турнир ерекше бір әсерге бөлейді, тағы да ойнауға деген құлшыныс пайда болады!»


Жүлделі орындар келесідей бөлінді:


1 орын – Анатолий Булгаков, Филиалдың түлегі, ММУ аспиранты;


Булгаков Анатолий, выпускник .jpg


2 орын – Артем Шварев, М-11;


Шварев Артём, М-11


3 орын – Ислам Кошим, ВМ-11.


Кошим Ислам, вмк - 11


1-ші және 4-ші орын алған Анатолий Булгаков пен Ануар Байшагировке (ВМ-11). ерекше алғыс айтып өткіміз келеді. Олар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушыларына осы турнирді ұйымдастыруда көп көмек көрсетті.


Турнирге қатысушыларды, жарыс жеңімпаздарын, барлық студенттер мен барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.