М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
18.12.2020

Филиалдың директоры профессор А.В. Сидорович елдердің мемлекеттік саясат және экономикалық интеграциялық байланысының дамуы мәселелеріне арналған конференцияларға қатысты





28 қазан күні Филиалдың директоры А.В. Сидорович Мәскеуде «Пекин-отель» ГК-де болған «Интеграция: оза даму стратегиясы» атты ЕАЭО Іскери Форумының жұмысына қатысты. Форумның ұйымдастырушылары: Еуразиялық экономикалық интеграцияны, жаңашаландыруды, бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуын кешенді мәселелер ретінде қарастыратын РҒА Ғылыми кеңесі, «Альфа» кәсіпкерлерінің Еуразиялық экономикалық комиссиясы қатысатын Корпорациясы, Іскерлікті қорғау штабы және Ресей Федерациясының Өнеркәсіпті дамыту және сауда министрлігі.


Пленарлық мәжілістің басты спикерлері ретінде шақырылғандардың ішінде Ресей Федерациясы Үкіметінің өкілдері, Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, РФ Мемлекеттік Думасының өкілдері, РФ Сауда-өнеркісптік палатасының өкілдері т.б. болған еді. Пленарлық мәжілістің модераторы ЕЭК интеграциялау және макроэкономика бойынша Коллегия мүшесі (Министрі) Сергей Юрьевич Глазьев болды.


10 қарашада А.В. Сидорович «Еуразиялық экономикалық перспектива» атты Халықаралық форумның Күзгі сессиясына қатысты. Александр Владимирович пленарлық мәжілісте «ЕАЭО-ғы интеграциялық процестердің қарама-қайшылығы және интеграция формаларын жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады. Биылғы жылы форум Таврия сарайында бейнеконференция форматында өткізілді.


2020 жылғы Форумның қосалқы ұйымдастырушылары - Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университеті, Санкт-Петербургтің сыртқы байланыстар бойынша Комитеті, ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының Хатшылығы және Евразиялық университеттер ассоциациясы болды.


20 қарашада А.В. Сидорович ММУ саясаттану факультетінің мемлекеттік саясат кафедрасының 10 жылдығына арналған «Заманауи жаһандық сын-қатерлер мәнмәтініндегі мемлекеттік саясат» тақырыбындағы халықаралық қатысумен өткен Бүкілресейлік ғылыми конференцияға қатысты. А.В. Сидорович «Институционалдың саяси экономия мәнмәтініндегі түрлі-түсті революциялар» атты баяндама оқыды.

 

Пленарлық мәжілістің жұмысына 240 адам қатысып, трансляциясы Zoom-да және ММУ саясаттану факультетінің Facebook парақшасында көрсетілді..


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.