М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
14.12.2020

Филиал директоры А.В. Сидоровичтің атына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б. Сыдықовтан Алғыс хат келіп түсті


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан Филиалының директоры А.В. Сидоровичтің атына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б. Сыдықовтан Алғыс хат келіп түсті. Алғыс хатта студенттік олимпиадалық қозғалысты қолдап, Республикалық ЖОО пәндік «Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламасы бойынша олимпиадаға студенттерді дайындағаны үшін ерекше ықылас білдіру туралы айтылған.


Благодарность


20-22 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің базасында жылсайынғы Республикалық ЖОО пәндік «Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламасы бойынша олимпиада өткізілген болатын. М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан Филиалының, құрамында «Филология» бағытындағы 4 курс студенті Мария Кива және 3 курс студентттері Нина Ищанова мен Игорь Иванов бар командасы 1-ші орынға ие болды! Одан басқа, Нина Ищанова жеке есебі бойынша Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды!


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ректоры М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан Филиалының директоры А.В. Сидоровичтің атына Алғыс хатын жолдап, студенттік Олимпиада қозғалысына ерекше қолдау жасағаны үшін және соның нәтижесінде Филиалдың командасы биік нәтижелерге қол жеткізе алғаны үшін ерекше алғысын білдірді.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.