М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
10.12.2020

Елбасы Кітапханасының қорына енген «Книга памяти о войне» кітабы!



2020 жылы – Ұлы Жеңістің 75 жылдығының даңқын тойлау жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері мен магистранттары «Книга памяти о войне» атты кітап шығарды.


Книга памяти войне


Осы «Книга памяти о войне» атты кітап – соғыс жылнамасының көзі іспетті. Халықта «ағаш тамырымен мықты» деген сөз бар, осымен де байланысты біздің студенттеріміз қазақ халқының 75 жыл бұрын бауырлас халықтармен біріге отырып, әлемге жайылғалы қалған зұлымдықты жеңгені туралы ақпаратты табу үшін, тану үшін өз тамырларына үңілген еді. Тамаша үлгі көрсете отырып, ММУ Қазақстан филиалының студенттері қазақстандықтардың Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі туралы, соғыс батырлары мен тыл еңбекшілерінің жанқиярлық қаһармандығы туралы ойтолғауларын жазған еді!


ҚР Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында құрмет пен терең ілтипат білдіру ретінде «Книга памяти о войне» кітабы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа – Мәскеу университетінің Қазақстан филиалын құру идеясының бастамашысына таныстырылған еді.


Библиотека Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы


Студенттердің осынау ұжымдық еңбегін Елбасы ерекше бағалағанын зор қуанышпен хабарлағымыз келеді. Елбасының тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кеңсесі бізді «Книга памяти о войне» кітабымен Елбасы ерекше ықыласпен танысып өткенін, кітаптағы біздің студенттердің шынайы ойтолғаулары, өз туысқандарының соғысқа қатысты өмірінің сәттерін суреттеуі ерекше әсер еткенін, осы кітаптың ұрпақтар сабақтастығын сақтаудағы орны мен жастарымыздың биік рухани деңгейі туралы Елбасы ерекше атап өткенін хабарлады.


Нұрсұлтан Әбішұлы «Книга памяти о войне» кітабын тапсырған ММУ Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу университетінің еңбегі сіңген профессоры А.В. Сидоровичке және Филиалдың Студенттер кеңесінің жетекшісі Әмір Сүлейменовке өзінің шынайы алғысын жеткізуді тапсырды.


Нұрсұлтан Әбішұлы М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының ұжымына өз елінің нағыз патриоттары болуға лайықты студенттер тәрбиелегені үшін алғысын білдірді және барлығын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады!


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының Кеңсесі хабарлағанындай, «Книга памяти о войне» кітабы, Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының қорына қабылданды. Онда осы кітап Н.Ә. Назарбаевтың қызметі туралы құжаттардың арасынан өзінің лайықты орнын алады.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.