М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
25.11.2020

«Шоқан Уәлихановтың шығармашылық мұрасы: еуразиялық мәдениеттердің синтезі» атты конференция


2020 жылғы 24 қараша күні ММУ Қазақстан филиалы директорының орынбасары, ҚР ҰҒА академигі Р.Ж. Абдильдина және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы А.И. Оразбаева «Шоқан Уәлихановтың шығармашылық мұрасы: еуразиялық мәдениеттердің синтезі» атты онлайн-конференцияға қатысты.


Участники конференции


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Азия және Африка елдері инстиуты, Шығыс мемлекеттік музейі, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты ұйымдастырған осынау конференцияның жұмысына Ресейдегі Қазақстан елшілігінің өкілдері, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысты.


Абдильдина Р.Ж.


Конференцияның пленарлық мәжілісінде Р. Ж. Абдильдина «Шоқан Уәлиханов халық тарихындағы рухани мәдениет туралы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы қазақтың ұлы ғалымы халықтың мәдениетін, халық шығармашылығын зерттеуге күш салғанын, сонымен бірге этнографиялық материалдарды көптеп жиғанын, аңыздарды, эпостарды теріп жазғанын атап өтті. Ш.Уәлиханов халықтың жанын түсіну үшін, оның өзіндік санасы дамуы үшін дәстүрлі халық мәдениетінің маңызды орын алатынын түсінді. Тек халықтың жанын түсіну арқылы ғана оның рухани мәдениетін тануға болатынын, жекелеген адамның өзінің тарихи болмысын түйсінуі арқылы ғана өмірдің шынайы, шығармашылық болмысын тани алатынын Ш. Уәлиханов жақсы білгенін баяндамашы атап көрсетті.


Профессор А. И. Оразбаева конференцияның алғашқы сессиясында «Шоқан – өз елінің сүйікті ұрпағы» атты баяндамасын оқыды. Баяндамашы өз сөзінде Шоқан Уәлихановтың достары мен әріптестерінің естеліктеріне сүйене отырып, осы естеліктің 1904 жылы Санкт-Петербургте Н.И. Веселовскийдің редакциялығымен Императорлық Орыс географиялық қоғамының қаражатына шығарылғанын атап өтті. Қазақтың аса көрнекті перзенті Шоқан Уәлиханов қазақтың ұлы даласының көк аспанында «құйрықты жұлдыздай жарқ етіп» өткен тұлға екендігін және оның өмірбаянындағы жарқын кезеңдерді баяндамашы кең арнада айтып берді.

[нақтырақ]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.