М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
06.11.2020

ММУ әлемнің жетекші университеттерінің беделі рейтингіде жоғарылады



МГУ поднялся в рейтинге репутации ведущих университетов мира

3 қарашада кезекті World Reputation Rankings оf Times Higher Education атты университеттердің жаһандық беделділік рейтингісі жарияланды. Бір сатығы жоғарылап, 37 орынға бекіген М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті әлемнің қуатты университеттер брендінің 200-не кірді. Рейтингті құрастырушылардың айтуынша, білім беру институттарының ықпалдылығын танытатын беделді ТОП-200 қатарына ену – планетадағы кез келген университет үшін аса биік жетістік болып табылады. Сонымен қатар, Times Higher Education құрастыратын университеттердің беделі рейтингісі бүкіл әлемде ғалымдар, студенттер, үкіметті орындары сенім білдіретін ақпараттық ресурсты ұсынатын, таңдау мен салыстырудың жалпылай қамтылған, теңдестірілген және сенімді құралдарының бірі болып табылады.

 

Ұсынылған зерттеудің әдіснамалық негізінде әлемге белгілі мамандарға, ірі ғалымдарға, жаһандық ғылыми-білім беру қауымдастығының өкілдеріне жүргізілген жабық сұраунама қаланған.


[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.