М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
04.11.2020

Филиал өз есіктерін айқара ашады!


Участники Дня открытых дверей


2020 жылғы 1 қараша күні М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында дистанциялық форматта «Ашық есіктер күні» өткізілді. Университеттің қонағы ретінде жүзден аса талапкерлер, олардың ата-аналары мен мұғалімдері қатысты.


Выступление директора Филиала А.В. Сидоровича


Жиналғандарды Филиалдың директоры профессор А.В. Сидорович қошемет сөзбен қарсы алды. Ол өзінің сөзінде біраз уақыттан соң талапкерлерге өздерінің өмірлік жолын таңдау керектігін, сол арқылы өз тағдырын таңдайтыны туралы айтып өтті. Терең білім адамды биік кәсіби деңгейге көтеріп, ең күрделі деген міндеттерді шешуге, соңынан басқаларды ертуге мүмкіндік береді, Мәскеу университеті өз шәкірттерін осыған дайындайды.


Филиал


А.В. Сидорович Филиалда білім берудің өзіндік ерекшеліктері туралы, бакалавлар мен магистранттарды дайындау бағыттары туралы, университетке қабылдау науқаны мен түсу сынақтары туралы, Филиалда оқу тәртібі мен сапалы жүйеде ұйымдастырылған қашықтан оқыту туралы нақты әңгімелеп берді. Мәскеу университетінде алған білім әр түлектің алдында кең арналы жол ашатынын атап көрсетті.


Участники Дня открытых дверей


ММУ Қазақстан филиалы өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен орындап келеді – бойында қазақстандық рухы берік, бәсекеге қабілетті, бастамашыл кәсіпкерлерді дайындап, оларды болашақта өз мамандығы бойынша Отанына адал қызмет етуге дайындап келеді.


Представители факультетов МГУ


Алдымыздағы жылда аталып өтілетін 20 жылдығы қарсаңында Филиал жаңа кампусқа көшуді жоспарлап отыр, ол – Филиал студенттері үшін ашылатын жаңа білім мен ғылым көкжиектері, дамудың жаңа мүмкіндіктері.


Директор Филиала отвечает на вопросы поступающих


Кездесу барысында, сонымен бірге, Мәскеу университетінің өкілдері бакалавриатқа дайындаудың бес бағыты «Математика», «Қолданбалы математика және информатика», «Филология», «Экология және табиғатты пайдалану», «Экономика» мамандықтары туралы, магистратураның бағыттары, атап айтқанда, «Математикалық модельдеу», «Өзгетілді аудиториядағы орыс тілі», «Медиалингвистика», «Табиғатты пайдалануды басқару», «Қаржылық аналитика», «Ұлттық экономика» мамандықтарының өзіндік ерекшеліктері туралы айтып берді.

 

Өздерінің факультеттері мен көптеген кафедаралары жөнінде келесі ғалымдар айтып берген еді: М.П. Заплетин – физика-математика ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті; С.В. Богомолов – физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ профессоры; О.А. Волошина – филология ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті; В.Р. Битюкова – ММУ география факультеті деканының орынбасары, ММУ Қазақстан филиалы экология және табиғатты пайдалану кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, профессор; В.А. Зубенко – Филиал директорының орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті.

 

Осыдан соң, қонақтар виртуалды аудиторияларға тарап, ММУ Қазақстан филиалының оқытушыларымен жақынырақ танысу, әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды. Өз қонақтарын шығарып салғанда Филиал олармен жаңа, сапалы деңгейдегі кездесулер міндетті түрде болатынына, бүгінгі талапкерлердің ертеңгі күні Мәскеу университетінің ұясында толыққанды отбасы мүшесіне айналатынына сенімді екенін білдірді.


 


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.