М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.11.2020

ММУ — THE пәндік рейтингтерінде ұсынылуы бойынша Ресей ЖОО арасында көшбасшы


2020 жылғы 28 қазанда Times Higher Education пәндік рейтингісінің нәтижелері жарияланды. Жаһандық білім беруді талдау барысында алынған мәліметтерге сай, ММУ «Физикалық ғылымдар» және «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыттары бойынша алғашқы жүздіктің қатарына енеді. Ресейдің жетекші жоғары оқу орны сонымен бірге, «Компьютерлік ғылымдар», «Бизнес және экономика», «Білім беру», «Өмір туралы ғылымдар» салалары бойынша әлемнің топ-200 құрамына енді. ММУ, сонымен қатар, «Медицина және денсаулық туралы ғылымдар», «Инженерлік ғылымдар және озық технологиялар» және «Психология» тараулары бойынша топ-300 қатарына енді.

 


[Нақтырақ: msu.ru]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.