М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
20.10.2020

Алтын «Пушкин күзі»: Пекиннен Мәскеуге дейін


Пушкинская осень


2020 жылғы 19 қазанда М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Орыс тілі қоғамдастығы мен МАПРЯЛ-дың қолдауымен ғылыми-білімдік және мәдени-ағартушылық «Пушкин күзі» атты акция болып өтті, бұл іс-шара «ХХІ ғасыр Жібек жолы мұғалімі» жобасының аясында өткізілді. ММУ Қазақстан филиалының филологтері де А.С. Пушкинді еске алуға арналған халықаралық іс-шараларға белсенді түрде қатысты


«Пушкин күзі» іс-шарасының қатысушысы ретінде Біріккен ресей-қытай университеті ММУ-ППИ (Шэньчжэн қ.), Пекин педагогикалық университеті, Шэнси педагогикалық университеті, Сиань шет тілдер университеті, сонымен қатар, ММУ филиалдары: Севастополь, Ташкент, Баку, Душанбе, Ереван қалаларындағы және Қазақстан филиалы.


В.А. Садовничий

«Пушкин күзінің» өзекті бір оқиғасы ретінде Халықаралық онлайн-конференцияны атауға болады. ММУ ректоры академик В. А. Садовничий қатысушыларды қошемет сөзбен қарсы алып, ММУ тарихындағы ұлы ақынның есімімен байланысты жарқын оқиғалар туралы айтып берді.

2s.jpg

Одан әрі конференция «Ресейдегі және шетелдегі Пушкинтану», «Пушкиннің тілі», «Пушкин шығармаларының аударылуы», «Пушкин шығармалары ресейлік және шетелдік мектептерде» атты секциялардың жұмысы арқылы жалғасын тапты. ММУ ғалымдары мен қытайлық әріптестердің баяндамаларының, мұғалімдердің, студенттердің және мектеп оқушыларының хабарламаларының тақырыптары дәлелдегендей, Пушкиннің шығармашылығы мәңгі тірі, жан-жақты және ол әрдайым орыс тілінің зерттеушілерінің де, орыс тілін сүюшілер, үйренушілер үшін де шабыттың бастау көзі бола береді.


Конференцияға қатысушыларға әсіресе, естерінде іс-шараның шығармашылық бөлімі қалатын болды. Мұнда Pushkin bridge онлайн жобасы ұйымдастырылып өткізілді, оған орыс және қытай оқытушылары да, студенттері де Пушкиннің өлеңін жарыса оқып қатысты, ақын шығармалары бойынша бейнеқойылымдар көрсетті, Пушкинге арналған музыкалық конкурстар мен викторианалар өткізу тәжірибелерімен бөлісті. Youtube бойынша конференцияның пленарлық мәжілісін және Pushkin bridge онлайн жобасын қарап, танысуға болады.


3s.jpg


ММУ Қазақстан филиалы да «Пушкин күзінің» осынау әсем салтанатынан тыс қалмады: Филиалдың оқытушылары мен студенттері 19 қазанда поэтикалық және шығармашылық іске шабыттандыратын «тату музалар қанатының астында» Лицей күнін атап өтті. «Пушкин күзін» ұйымдастырушылар – Филиалдың филология кафедрасы – Пушкин күнін ұйымдастырып, атап өтті, Царскосельск лицейіне виртуалды саяхат жасалды, «Пушкинмен оңаша қалғанда» атты акция ұйымдастырып, бейнеқойылымдар конкурсын өткізді. Филиалдықтар дәстүрлі түрде Пушкин күнін Есу каналындағы Пушкин ескерткішінің жанында өткізетін, карантин де осы дәстүрге кедергі бола алмады. Әрине, Александр Сергеевичтің ескерткішінің қасына барлығы бірдей жинала алмағаны рас, дегенмен, профессор Г.И. Власова мен аға оқытушы М.А. Брянскаяның тікелей репортажы «Пушкин күніне» Zoom-конференциядан қатысып отырғандар үшін тамаша тарту болды. Ескерткіш қасында ақын өлеңін оқу дәстүрі де үзілмеді, бірінші сыныпта оқитын Ваня Брянский оқыған ақынның «Руслан мен Людмила» шығармасынан алынған үзінді өлеңі барлық қатысушылардың атынан оқылған өлең болып саналды.


Бұдан әрі қарай «Пушкин күні» онлайн-режимде жалғасын тапты: «Филология» бағытының 1-курс студенттері Диана Гетманская, Линара Аукатова и Милана Захарова «19 октября» шығармасын мәнерлеп оқыды. Филология ғылымдарының докторы Т. В. Кривощапова Царскосельск лицейі туралы өте әсерлі баяндама жасады. Іс-шараны одан әрі жалғастырғандар – 2 курс студенттерінің А.С. Пушкин шығармалары туралы баяндамалары болды, ал 1 курст студенттері ақын шығармаларынан үзінділер оқыды.


М.А. Брянская, Г. И. Власова - Включение у памятника А.С. Пушкина


Онлайн сипатына қарамастан, конференция жарқын да қызықты өтті. Десек те, келесі жылы осы конференцияны ұлы ақынның ескерткішінің қасында жылдағыдай, бір-бірімізбен қол ұстаса өткіземіз деген үмітіміз зор.


Т.В. Кривощапова

[нақтырақ]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.