М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
23.10.2020

Филологиялық Олимпке қол жетті!



Қазақстан филиалының филолог-студенттері Республикалық олимпиадада бірінші орынға ие болды


2020 жылғы 20–22 қазан күндері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет базасында жыл сайын өткізілетін «Филология: орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада болып өтті. ММУ Қазақстан филиалының студенттері осы олимпиадада бірінші орынға ие болды.


Ищанова НинаИгорь ИвановКива Мария


Олимпиадада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті командасы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің атынан екі команда қатысты.


Филиалымыздың командасының құрамында «Филология» бағытының 4 курс студенті Мария Кива және 3 курс студенттері Нина Ищанова мен Игорь Иванов болды.


Олимпиада үш турдан тұрды: бірінші тур, лингвистикалық деп аталды, онда орыс тілінен тапсырмалар орындатылды, екінші тур әдебиеттану деп аталды, онда поэтикалық мәтінді кешенді талдау орындатылды және эссе жаздырылды, ал үшінші тур «Визитка» деп аталды, оның мазмұны шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан құралған болатын.


Атап кететін мәселе, қашықтан өткізу форматының қиындығына қарамастан, ұйымдастырушылар үлкен де сапалы жұмыс жасай алғаны танылды. Барлық қатысушылар мен олардың жетекшілері бұл іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейде болғанын атап өтті.

 

«Филология: орыс тілі» мамандығы бойынша жылсайынғы республикалық пәндік олимпиаданы өткізу ережелеріне сәйкес, келесі жылғы Олимпиаданы енді ММУ Қазақстан филиалы қабылдайтын болады. Біз келесі жылы Филиалымызға Қазақстанның барлық оқу орындарынан командалар келеді және олар филология бағыты бойынша көшбасышылық орынға ие болуға өзара күреседі деп үміттенеміз!



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.